Оқушылармен жауынгерлік дайындық сабағы өтті
Өскелең ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу – ел қауіпсіздігін нығайтудың маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы «Басқұншы» шекара бөлімшесінің аумағында кезекті тағылымды шара өтті.
Атап айтқанда, Крылов атындағы мектептің 10-сынып оқушыларымен жауынгерлік дайындық сабағы ұйымдастырылды. Сабақ барысында оқушыларға шекарашылардың күнделікті қызметі таныстырылып, қару-жарақ түрлері, оның қолданылу тәртібі және...
Отан соғысының ардагері Төлеубай Шектібаев өмірден өтті
Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңесі Отан соғысының ардагері, ғасыр жасаған атамыз
Төлеубай Шектібаевтың
қайтыс болуына байланысты балаларына, жақын-жуықтарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
Отан соғысының ардагері Төлеубай Шектібаев өмірден өтті
Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесі 100 жасқа толған Отан соғысының ардагері, көптеген медалдардың иегері
Төлеубай Шектібаевтың
қайтыс болуына байланысты балаларына, туған-туыстарына, артындағы немерелеріне көңіл айтамыз. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.
Отан соғысы ардагері Төлеубай Шектібаев өмірден өтті
Талдықорған қалалық мәслихаты Ұлы Отан соғысының ардагері, майдангер
Төлеубай Шектібаевтың
қайтыс болуына байланысты туған-туыс, балаларының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
Ұлы Отан соғысының ардагері Төлеубай Шектібаев өмірден өтті
Талдықорған қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, I-дәрежелі Отан соғысы ордені, «Ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін» медалының иегері Төлеубай Шектібаев 1925 жылдың 20 қарашасында Семей облысында дүниеге келген. Адал еңбегімен бірнеше рет марапатталып, лауазымды қызметтер атқарды. Ғасыр жасаған атамыз 2025 жылдың 23 мамырында қайтыс болды.
...
Бейбіт Исабаев Азаматтық форум спикерлерімен кездесу өткізді
Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиевамен және Талдықорғанда өтіп жатқан азаматтық форумның басқа да бірқатар спикерлерімен кездесу өткізді. Атап өтсек, «Азаматтық қоғам 2.0: мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы өзара іс-қимылдың инновациялық үлгілері – өңірлік дамудың драйвері» атты ауқымды азаматтық форум биылғы жылда алғаш рет Жетісуда өткізіліп отыр, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ресми қонақтарды қарсы алған...
Талдықорғанда 60 пәтерлі тұрғын үй қолданысқа берілді
Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында 60 пәтерлі тұрғын үй кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарға берілді. Пәтер кілттерін жаңа қоныс иелеріне облыс әкімі Бейбіт Исабаев тапсырды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Қалалықтарды жаңа пәтерне ие болуымен құттықтаған облыс әкімі тұрғын үймен қамтамасыз ету халықтың өмір сүру сапасын көтеруге тікелей әсер ететін игілікті іс екенін, бұл Президенттің қойып отырған басты...
Ұлы Отан соғысының ардагері
ШЕКТІБАЕВ ТӨЛЕУБАЙ
(20.11.1925 - 23.05.2025)
Шектібаев Төлеубай 1925 жылғы 20 қарашада Семей облысы, Жарма ауданына қарасты Скотовод кентінде дүниеге келген. Балалық шағы сол өңірде өтті. Мектепте 7-сынып оқып жүрген кезінде Ұлы Отан соғысы басталып, білімін жалғастыруға мүмкіндік болмай қалады. Елдегі «Бәрі де майдан үшін!» деген ұранмен еңбек еткен ауылдастары қатарында егін және мал шаруашылығында табанды еңбек етіп, тылдағы қажырлы еңбегімен көзге...
«Білімім-Отаныма»: Талдықорғандық 1442 түлек мектеп қабырғасын аяқтады
Бүгін, 23 мамырда кең байтақ Отанымыз Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі білім ордаларында 2024-2025 оқу жылының «Білімім - Отаныма» мерекелік іс-шарасы өтті.
Талдықорған қаласындағы 35 мыңнан аса оқушы үшін соңғы қоңырау салтанаты өтіп, тағы бір оқу жылы сәтті аяқталды. Осы 2024–2025 оқу жылында 1442 түлек мектеп қабырғасын аяқтап отыр. Олардың 45-і – «Алтын белгі» иегерлері атанудан үміткер болса, 68 түлек үздік аттестатпен бітіреді...
«Кедергісіз келешек» жобасы: қолжетімділік бойынша мониторинг жүргізілді
"AMANAT" партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Талдықорған қаласындағы бірқатар сауда орталықтарында мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыруға бағытталған мониторинг жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында қаладағы «Көк базар», «Хабиби», «Alemdik» және «Дәулет» сауда нысандары қамтылды.
Мониторинг тобының құрамында Талдықорған қаласы әкімінің мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, қоғам белсендісі, «Elstar» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Вадим Друзин, қалалық мәслихат депутаттары Монғол...

























