Жетісу облысында су үнемдеу технологиялары белсенді қолданылуда
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте вегетациялық кезеңді өткізу мәселесі қаралды. Кеңес барысында су тұтынудың 97%-ын құрайтын оңтүстік өңірлердің ахуалы, сонымен қатар ауыл шаруашылығында егіс құрылымын қазіргі жағдайға бейімдеу және ылғалды аз қажет ететін дақылдарға көшу, су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша ауыл шаруашылығында қабылданып жатқан шаралар қаралды. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы және...
Азық-түліктің 11 түріне бағаның ең төменгі деңгейі енгізілмек — Сауда және интеграция министрлігі
Сауда және интеграция министрлігінің сайтында күнбағыс майы, ұн, тауық жұмыртқасы, арақ және т. б. 11 тауар түріне бағаның ең төменгі деңгейін енгізу туралы ақпаратты жарияланды. Мұның мәнін ведомстводан түсіндіріп берді.
Министрліктің мәліметінше, бағаның ең төменгі деңгейі (БТД) тауарлардың көтерме және бөлшек бағасына әсер етпейді. БТД импорт кезінде салықтарды есептеу кезінде ғана қолданылады. БТД — бұл тауарларды импорттау кезінде ҚҚС төлеуден бас...
Заң мен тәртіп. Пробация- жаза басқандарға жәрдемдесу
Жыл сайын 24 маусымда "Судья және сот қызметкерінің күні" атап өтіліп келеді. Осы күн, яғни, 1992 жылдың 24 маусымында Заң қабылданып, тәуелсіздік алғаннан кейін "Қазақ КСР сот құрылысы туралы" Заңға алғашқы түзетулер енгізілді. Сол заң қабылданған күннен бастап 33 жыл ішінде сот жүйесі реформалар мен жаңғыртудың бірде-бір кезеңінен өтті. Біз Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД Талдықорған қалалық пробациялық...
Денсаулыққа сәлем! Нашақорлыққа жол жоқ!
Бүгін 26 маусым - Халықаралық нашақорлыққа қарсы күніне орай айлық аясында «Денсаулыққа сәлем! Нашақорлыққа жол жоқ!» атты тақырыпта облыстық велошеру өтті.
Шараның салтанатты ашылу рәсіміне Жетісу облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Сарқытов Саят Төлепбергенұлы, Жетісу облысы прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары Адай Талғатұлы, Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция подполковнигі Исақова Меруерт Сеитовна...
Жетісу облысында бұқаралық спортты дамыту мақсатында «J LEAGUE» жобасы сәтті аяқталды
Жетісу облысында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «J LEAGUE» жобасы өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Ауқымды спорттық бастама 2025 жылдың 19 сәуірінде Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында ресми түрде бастау алып, облыс тұрғындары арасында ерекше қолдауға ие болды.
Жобаның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттерден арылуға үндеу тастау және спортқа...
Электр энергиясы – экономикалық өсудің қозғаушы күші
Электр энергиясы адамның өмірі мен қызметінде үлкен пайда мен ыңғайлылықты береді. Бүгінде электр энергиясы пайдаланылмайтын бірде-бір өнеркәсіп саласы немесе өзге сала жоқ. Бизнес-құрылымдар үшін электрмен жабдықтау желілеріне қосылу – маңызды және өзекті мәселе. Электрмен жабдықтауды қалай ұйымдастыруға болады? Барлық қажетті құжаттар мен келісімшарттар қалай рәсімделеді? Осы және басқа да сұрақтарға ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау...
2025 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурстық өтінімдерді қабылдау басталды
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру бойынша конкурстың басталғанын жариялайды.
Грант берудің мақсаты - белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа идеялар мен бастамаларды мемлекеттік қолдау.
2025 жылы республикалық деңгейде 3 млн. теңгеден 30 грант берілетін болады.
Грантқа 14 жастан бастап 35 жасқа дейінгі (34 жасты қоса алғанда)
Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бола алады.
Грант мынадай 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін...
Елімізде қайтарылған активтер қаражаты есебінен 318 млрд теңгеге 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда
Елімізде заңсыз иемденілген активтерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бұл қаражат бүкіл ел бойынша жүздеген әлеуметтік нысан құрылысы мен жаңғырту жұмыстарына жұмсалуда.
Басты назар әлеуметтік маңызды инфрақұрылымға аударылады
Қайтарылатын қаражат Қаржы министрлігінің жанынан құрылған Арнаулы мемлекеттік қорға түседі.
✔️ Қазіргі таңда жалпы құны 318 млрд теңгені құрайтын 406 жобаны қаржыландыру мақұлданды. Оның ішінде 9 білім беру...
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА «J LEAGUE» ЖОБАСЫНЫҢ «БЫЛҒАРЫ ДОП», «АЛТЫН ДОП» ЖӘНЕ «ШҰБАР ДОП» КЕЗЕҢДЕРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Бұқаралық спортты дамыту – мемлекет саясатының маңызды бағыты»- деп Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда берілген тапсырмасы бойынша Жетісу өңірінде қолға алынған игі бастамалармен үндесіп жатыр. Осы орайда, Жетісу облысында алғаш рет «J LEAGUE» жобасы табысты жүзеге асырылып, өз мәресіне жетті.
Ауқымды жоба 2025 жылдың 19 сәуірінде Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында ресми түрде бастау алды. Шараның басты...
Жетісу облысында тұтынушылардың құқықтары қорғалған: 16 азамат сотқа жүгінді
2025 жылдың соңғы 5 айында Жетісу облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне азаматтардан 407 өтініш түсті. Оның 130-ы бойынша құқықтық көмек көрсетілсе, 213-іне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 16 тұтынушы сотқа талап арызбен жүгінген.
Ең көп шағымдар бөлшек және онлайн саудаға, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер мен тұрмыстық қызмет көрсету салаларына қатысты тіркелген. Интернет-платформалардың белсенді дамуына байланысты Kaspi, Wildberries, OZON және басқа да...





























