13.2 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 9 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 247

Жетісу облысының егіс алқаптарында зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілуде

Жетісу облысында шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге мұндай зиянкестердің ошақтары 45,0 мың гектарда анықталып, соның 36,4 мың гектары немесе 81% өңделді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, бүгінгі күнге өңделген көлемнің 14,9 мың гектары авиациямен, 21,1 мың гектары жер үстімен өңделді. Соның ішінде үйірлі және үйірсіз шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары Ақсу ауданында 4680...

Талаптыға нұр жауар

«Достық» мейрамханасында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жетісу облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің бастамасымен ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Талаптыға нұр жауар» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірге деген құштарлығын арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету, сонымен қатар жүрек жылуын сыйлап, мейіріммен қуанышқа бөлеу. Бағдарлама барысында: — Балаларға арналған көңілді аниматорлық...

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ата-аналарға арналған кеңес

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Аталған мереке елімізде жылда аталып өтеді. Бұл күні ата-аналар балаларын ойын-сауық орталықтарына, ойын алаңдарына, аттракциондарға, саябақтарға апарумен қатар, балаларды түрлі тағамдармен тамақтандырады. Соның салдарынан балалар арасында тағамнан улану жағдайлары тіркелуі мүмкін.   Тамақтан улану – бұл асқазан-ішек жолдарына тамақпен немесе сусындармен бірге зиянды бактериялардың түсуінен ішкі ағзалардың жұмысының бұзылуы. Тамақтан улану жедел басталады....

СЭБД: Жазғы сауықтыру орындарына қойылатын талаптар

Жаз мезгілі басталды. Осы уақытта балалардың жазғы лагерьлері жұмысын бастайды. Жетісу облысы СЭБД  бірнеше талап бар екенін ескертеді. Жазғы сауықтыру маусымы ашылмас бұрын келесідей талаптарды орындау қажет: Ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу; Аумақты тазалау және абаттандыру; Инженерлік желілердің, желдету және ауа баптау жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігін тексеру, желдеткіш жүйелерін тексеру актілерінің болуы; Ауыз суды зерттей отырып, сумен жабдықтау...

6 МАУСЫМ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ!

Кеше һижри жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталды. Яғни Арапа күні биыл 5 маусымға сәйкес келеді. 6 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні. Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде анықталады. Мұндай жыл санақ ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. Жаңа айдың (һиләлдың) көрінуімен жаңа ай басталады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады. Зулхижжа айын...

QURBAN.MUFTYAT.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban.muftyat.kz сайтын іске қосты. Мұсылман қауымының қасиетті айт мерекесіне орай барша қазақ елін Құрбан айт күні жүзеге асатын қайырымдылық акциясына үлес қосуға шақырамыз. Халыққа, әсіресе үлкен қалаларда тұратын жамағатқа оңтайлы болу үшін биыл да құрбан шалу офлайн және онлайн форматта жүзеге асады. Айта кетсек, онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының Пленарлық сессиясында сөз сөйледі

Қадірлі қонақтар!   Баршаңызбен Астана халықаралық форумында жүздескеніме қуаныштымын! Бүгінгі басқосуға шетел үкіметтерінің басшылары, дипломатия, бизнес және академиялық ортадағы достарымыз бен әріптестеріміз қатысып отыр. Мәртебелі меймандарымызға, атап айтқанда, Руанда Президенті Поль Кагамеге және Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковаға, Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсеге, БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунға, Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің жетекшілеріне, форумның өзге де қатысушыларына шынайы ризашылығымды білдіремін. Форум...

Президент: Қазақстан стратегиялық бағдарынан айнымайды, реформаларды тоқтатпаймыз

Еліміздегі реформалар жұртшылықтың өркендеуіне жол ашатын жаңа қоғамдық келісімді орнатуды көздейді. Бұл туралы Астана халықаралық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. «Соңғы бірнеше жылда Қазақстанда ауқымды экономикалық және институционалдық реформалар жүргізілді. Біздің мақсатымыз айқын — барынша әртараптандырылған, инклюзивті және келешекке бағдарланған экономика құру, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Осы орайда Президент экономикалық өсім орнықты болумен қатар, оның игілігі әр азаматқа әділ...

Астана халықаралық форумы жұмысын бастады

Әлемдік көшбасшыларды, сарапшыларды, инвесторлар мен бизнес өкілдерін біріктіретін аймақтағы ең ірі іскерлік іс-шара бағдарламасы бүгіннің негізгі сын-қатерлерін қамтыған пленарлық сессия мен 25 пікірталас алаңынан тұрады. Әлемнің түкпір-түкпірінен 600-ге жуық шетелдік қонақ қатыспақ. Олардың арасында жетекші саясаткерлер, халықаралық ұйым, корпорация басшылары, инвесторлар мен ғылыми топ өкілдері бар. Жалпы, форумға 7 000-нан астам қатысушы тіркелген. Еуропа, Орталық Азия, Таяу Шығыс пен Африка...