22.8 C
Taldykorgan, KZ
Среда, 8 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 235

Жетісу облысында кедендік бақылау күшейтілуде: 5 айда 91 тексеру жүргізілді

Ағымдағы жылдың бес айында Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан 91 кедендік тексеру жүргізілді. Оның ішінде камералдық, құжаттық және көшпелі тексерулер бар. Кедендік тексеру - бұл тауарлар шығарылғаннан кейін жүргізілетін кедендік бақылаудың бір түрі. Ол Кеден кодексінде көзделген өзге де бақылау нысандары мен шараларын пайдалана отырып, Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының заңнамасын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қаншалықты сақтайтынын...

Жыл басынан бері облыста 215 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді

Жетісу облысында биылғы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 215 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Тергеу өндірісінде 130 қылмыстық іс аяқталып, оның 122-сі сотқа жолданды. 2024 жылдан бастап енгізілген «Anti-fraud» жүйесі аясында облыс аумағында барлығы 2 431 инцидент тіркелді, оның ішінде 1 620-сы – алаяқтық фактілері бойынша. Қабылданған үйлестіру шараларының нәтижесінде жалпы сомасы 117,1 миллион теңге бұғатталды, оның ішінде 12,2 миллион теңге интернет-алаяқтық...

Жетісу облысында 117 мыңнан астам тұрғын МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған

Жетісу облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне тарту жұмыстары жалғасуда. Қор филиалының ресми мәліметіне сәйкес, өңірде тіркелген 656 мың тұрғынның 82,1%-ы ғана сақтандырылған мәртебесіне ие. Ал 117 555 адамның (17,9%) бұл мәртебесі жоқ. Мәселені шешу мақсатында облыс әкімінің орынбасары төрағалық ететін өңірлік штаб белсенді жұмыс жүргізуде. Штабтың бастамасымен соңғы айларда 25 мыңнан астам азамат сақтандырылғандар қатарына қосылды. 2025 жылдың алғашқы...

Талдықорғанда кәсіпкерлікті дамытуға 30 адамға грант берілді

2024 жылы Талдықорған қаласы бойынша 30 азаматқа кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекеттік грант берілді. Мансап орталығы тарапынан жүргізілген мониторинг нәтижесінде грант иегерлерінің жеке құжаттары мен комиссия отырыстарының хаттамалары толықтай тексерілді. Алайда, мониторинг барысында бірқатар келеңсіз жайттар анықталды. Атап айтқанда, 5 грант иегері мүлдем есеп тапсырмаған, ал 8 адамның зейнетақы қорына жарна аудармағаны белгілі болды. Сонымен қатар, 6 азаматтың порталға құжаттарын жүктемегені...

Білімгер жеңісі – білім ордасының жемісі

Талдықорған жоғары медициналық колледжінің студенті республикалық деңгейде үлкен жетістікке қол жеткізді. Колледждің үздік студенттерінің бірі, қазіргі таңда «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша білім алып жатқан Сәдуақас Дана Ілиясқызы «Toп 100 студент» атты республикалық байқаудың жеңімпазы атанды. Аталған байқау жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен үздік студенттерді анықтау мақсатында ұйымдастырылады. Конкурс қатысушылары оқу үлгерімімен қатар, қоғамдық белсенділігі, шығармашылық қабілеттері және ғылыми жетістіктері бойынша...

Жауынгерлік рухты шыңдаған дода

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Арнайы жасақ бөлімшелері арасында ұйымдастырылған «Арнайы жасақ ойындары» сайысы - тау тұлғалы сақшылардың кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған стратегиялық маңызды шара. Оның басты мақсаты - әскери қызметшілердің физикалық және психологиялық дайындығын жетілдіру, заманауи тактикалық операцияларды жоғары деңгейде орындау қабілеттерін арттыру. Сонымен қатар, жарыс міндеттерінің қатарында - әскери қызметшілердің бірлігін, командалық рухын нығайту, олардың арасындағы өзара көмек...

Синтетикалық есірткілерге тәуелділіктің зияны

Синтетикалық есірткілерге  тәуелділік – бұл ұзақ уақыт бойы қолданудың нәтижесінде пайда болатын, есірткіні тұтынуды бақылау қабілетінің бұзылуымен сипатталатын синдром. Тәуелділік синдромының басты ерекшелігі – есірткіні қабылдауға деген күшті ұмтылыс (патологиялық құштарлық), ол тек саналы ойлар мен тілек түрінде ғана емес, сондай-ақ есірткіні қолдануды бақылау қабілетінің төмендеуімен, синтетикалық есірткіні басқа әрекеттерден артық қоюмен және зиян немесе жағымсыз салдарға қарамастан оны тұрақты...

Алкаголизмнің артериялық қан қысымына зияны

Алкогольдік артериялық гипертензия – бұл алкгольді ішімдіктерді шамадан тыс және тұрақты тұтынудың нәтижесінде дамитын, артериялық қысымның тұрақты жоғарылауымен сипатталатын патологиялық жағдай. Қан қысымының жоғарылауы алкогольді қабылдау кезінде де, оның ағзадан шығарылуы кезеңінде де орын алуы мүмкін және бірнеше күн бойы сақталуы мүмкін. Қан қысымының жоғарылауының нақты ерекшеліктері алкоголь метаболизмі генотиптік ерекшеліктеріне, аурудың сатысына, қабылданған алкогольдің мөлшеріне және оны қабылдау түріне...

Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Құлагер» байқауының ережесі

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ 1.1. Жетісу облысы әкімі «Құлагер» сыйлығы үшін журналистер арасындағы байқау – облыстағы бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) мен жаңа медиа өкілдері арасында дәстүрлі түрде өткізілетін байқау. Байқаудың ұйымдастырушысы – Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы (бұдан әрі – ҚДБ). 1.2. «Құлагер» байқауы Жетісу облысының дамуын ақпараттық қолдауға бағытталған облыстық ауқымдағы іс-шара. 1.3. Байқауға Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өзге де өзекті мәселелерін жариялап жүрген штаттық немесе...

«ҚазАгроҚаржы» өз лизинг бағдарламасын іске қосты

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің компаниялар тобына кіретін «ҚазАгроҚаржы» АҚ өз қаражаты есебінен жаңа лизинг бағдарламасын нарыққа шығарды. Бағдарлама қажеттіліктері қолданыстағы жеңілдетілген бағдарламалардан асып түсетін ауыл шаруашылығы өндірушілеріне бағытталған. Жаңа өнім шаруаларға қазір қолжетімді. Бағдарлама «Бәйтерек» Холдингінің еншілес компанияларды қаржыландыру бағдарламалары бойынша мөлшерлемелерді біріздендіру жөніндегі жаңа стратегиясының шеңберінде әзірленді және жылдық 12,6% мөлшерлемені, 10 жылға дейінгі лизинг мерзімін және 15%-дан басталатын...