13.4 C
Taldykorgan, KZ
Среда, 8 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 230

Олжас Бектенов Президент тапсырмасы бойынша өтіп жатқан «Заң және тәртіп» апталығы аясында ІІМ Басқару академиясының ашылуына қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жарияланған «Заң және тәртіп» апталығы аясында Астанада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясының ашылуы өтті. 💬Премьер-министр Олжас Бектенов құттықтау сөзінде жаңа оқу орны Президенттің қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және кадрлық әлеуетті жаңғырту жөніндегі жүйелі саясатының аясында жүзеге асырылып отырған аса қадам екенін атап өтті. 🔸Соңғы жылдары ағымдағы сын-қатерлерге қарсы күресті күшейту...

Әскери қалашықтардағы кездесулер

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының Әйелдер кеңесінің мүшесі, кіші сержант Д.Иманбаева шекара бөлімшелерде орналасқан әскери қалашықтардағы отбасылармен кездесулер ұйымдастырып, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен танысты. Кездесу барысында кіші сержант Д.Иманбаева "Іле", "Қарақұм", "Ынталы", "Қорғас", "Басқұншы" және "Алмалысу" шекара бөлімшелерінің әскери қалашықтарында тұратын шекарашы жауынгерлердің отбасыларын аралап, әйел-аналар мен бала тәрбиесімен айналысып отырған жанұя мүшелерінің...

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Ақмарал Ерекешеваның тарихи алтыны 16–23 маусым күндері Болгария астанасы Софияда өткен юниорлар арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті. Аталған жарысқа 7 спортшымыз қатысып, тарихи нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда, Ақмарал Ерекешева үш бағдарламада финалға шығып, доп және лента жаттығуларында алтын, шығыршық жаттығуында күміс медаль жеңіп алды. Осылайша, жерлесіміз тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұған дейін жерлестеріміздің ең үздік нәтижесі – 4-орын болатын. Олимпиада чемпиондарымен...

Еуропа Кеңесінің қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

2025 жылғы 18 маусымда Еуропа Кеңесінің Министрлер Комитеті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бастамашылық еткен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясына қосылу жөніндегі өтінімді мақұлдады. Аталған Конвенцияға қатысу қазақстандық құқық қорғау органдарына қылмыстық істер бойынша дәлелдемелер алуға, заңсыз жолмен шетелге шығарылған активтерді елге қайтаруға, қылмысқа қарсы күрес және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында 46 еуропалық мемлекетпен ынтымақтастықтың...

Мемлекетке қызмет ету – ең құрметті әрі аса жауапты міндет

«Бүгін елімізде – Полиция күні және Мемлекеттік қызметші күні аталып өтуде. Сондықтан, алдымен, еліміздегі полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мейрамдарымен құттықтаймын. Мемлекетке қызмет ету – ең құрметті әрі аса жауапты міндет. Сіздер заң мен тәртіпті сақтауға және азаматтардың құқығын қорғауға зор үлес қосып жүрсіздер. Қазір дүние жүзі алмағайып, бұлыңғыр, яғни, өте күрделі кезеңді бастан өткеруде. Осындай құбылмалы уақытта қоғамдық қауіпсіздікті...

Облыс әкімі мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Бүгін облыс әкімдігінде өңір басшысы Мемлекеттік қызметшілер күніне орай аталған сала мамандарын құттықтады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жиында қатысушылар алдында құттықтау сөз сөйлеген Бейбіт Исабаев мемлекетке, халыққа қызмет етудің маңыздылығы туралы атап өтіп, өңірді дамытудың негізгі бағыттарына тоқталды. - Жаңа өзгерістер кезеңінде мемлекеттік қызметшіге артылатын жауапкершілік жүгі үлкен, оны күнделікті жұмыста өздеріңіз де сезініп отырсыздар. Мемлекеттің...

Қазақстан колледждерінде алғаш рет студенттерді халықаралық сертификаттау басталды

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық және кәсіптік білім алушылардың кәсіби дағдыларын танудың жаңа құралы енгізілуде. Халықаралық сертификаттау жүйесі Certiport платформасы негізінде іске қосылып, қазіргі таңда пилоттық режимде еліміздің бес колледжінде қолжетімді. Қазақстандағы алғашқы ресми тестілеу орталығы (CATC) «Talap» КЕАҚ базасында ашылды. Certiport — бұл цифрлық технологиялар мен кеңсе бағдарламалары саласында кәсіби сертификаттауға бағытталған халықаралық платформа. Ол білім беру саласындағы әлемдік көшбасшылардың...

Жетісу облысы өкілдері органикалық және карбондық егіншілікті дамыту мәселелері талқыланған «Дала күніне» қатысты

Ағымдағы жылы 19 маусымда Алматы облысы, Алмалыбақ ауылында Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында «Органикалық және карбондық егіншілікті дамыту: тұрақты ауыл шаруашылығы» тақырыбында Дала күні өтті. Іс-шараны ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Мемлекет басшысының климаттық тұрақтылықты қамтамасыз ету және елдің көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында ұйымдастырды. Шарада көміртегі егіншілігін дамыту, топырақ құнарлылығын арттыруға бағытталған...

Жетісу облысында су үнемдеу технологиялары белсенді қолданылуда

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте вегетациялық кезеңді өткізу мәселесі қаралды. Кеңес барысында су тұтынудың 97%-ын құрайтын оңтүстік өңірлердің ахуалы, сонымен қатар ауыл шаруашылығында егіс құрылымын қазіргі жағдайға бейімдеу және ылғалды аз қажет ететін дақылдарға көшу, су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша ауыл шаруашылығында қабылданып жатқан шаралар қаралды.  Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы және...

Азық-түліктің 11 түріне бағаның ең төменгі деңгейі енгізілмек — Сауда және интеграция министрлігі

Сауда және интеграция министрлігінің сайтында күнбағыс майы, ұн, тауық жұмыртқасы, арақ және т. б. 11 тауар түріне бағаның ең төменгі деңгейін енгізу туралы ақпаратты жарияланды. Мұның мәнін ведомстводан түсіндіріп берді. Министрліктің мәліметінше, бағаның ең төменгі деңгейі (БТД) тауарлардың көтерме және бөлшек бағасына әсер етпейді. БТД импорт кезінде салықтарды есептеу кезінде ғана қолданылады. БТД — бұл тауарларды импорттау кезінде ҚҚС төлеуден бас...