Әскери қалашықтардағы кездесулер

481

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының Әйелдер кеңесінің мүшесі, кіші сержант Д.Иманбаева шекара бөлімшелерде орналасқан әскери қалашықтардағы отбасылармен кездесулер ұйымдастырып, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен танысты.
Кездесу барысында кіші сержант Д.Иманбаева «Іле», «Қарақұм», «Ынталы», «Қорғас», «Басқұншы» және «Алмалысу» шекара бөлімшелерінің әскери қалашықтарында тұратын шекарашы жауынгерлердің отбасыларын аралап, әйел-аналар мен бала тәрбиесімен айналысып отырған жанұя мүшелерінің хал-ахуалын сұрастырды. Ол отбасы мүшелерінің тұрмыстық қажеттіліктеріне, балалардың оқу және тәрбие жағдайларына, әлеуметтік қолдаулардың уақытылы көрсетілуіне ерекше мән берді.
Әйелдер кеңесі мүшесінің бұл бастамасы әскери ортадағы отбасы институтының маңыздылығын арттырып, ел шебінде қырағылықпен қызмет етіп жүрген шекарашылардың артындағы жанұялық тіршіліктің жай-күйіне көңіл бөлу қажеттігін көрсетті.
Мұндай кездесулер әскери ұжымда бірлік пен өзара қолдаудың нығаюына, шекара қызметінің сенімділігін арттыруға бағытталған игі бастамалардың қатарын толықтырады.

                             ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз