Жетісуда мүгедек жандар үшін ғимараттарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткіші 69% жетті
Жетісу облысында мүгедек жандар үшін ғимараттарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 69% құрап отыр. Бұл республика бойынша бұл ең жоғарғы көрсеткіш. Осы бағыттағы жұмыс жалғасады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық жұмыспен қамтулы үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 2022-2024 жылдар аралығында облыс аумағындағы 625 нысан мүгедек жандардың кіріп-шығуына бейімделген. Биыл мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің шамамен 195 нысанын бейімдеу жоспарда...
Пікірсайыс халықаралық турнирдегі Жеңіс: Талдықорғандық NIS оқушылары Тұран университетінің гранттарын жеңіп алды
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Тұран университеті ұйымдастырған халықаралық турнирдің жеңімпаздары атанып, пікірталаста ерекше шеберліктерін көрсетті.
Зияткерлік жарыстар Алматы қаласында өтті, онда еліміздің түкпір-түкпірінен 48 команда жиналып, білімдерін сынады. Пікірсайыс 7 турдан тұрды.
Нәтижесінде Зияткерлер бір жыл бойы Тұран Университетінде тегін оқуға сертификаттар жеңіп алды. Бұл берілген мүмкіндік оқушылардық кәсіби өсуіне жаңа көкжиектер ашады.
Пікірсайысқа қатысу біздің шешендік шеберлігімізді дамытып қана...
Алматыда алғашқы ұлттық мектептің құрылысы басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен "Abai ulttyq mektebi" алғашқы ұлттық мектебінің құрылысы басталды. Бұл жоба Қазақстанның талантты балалары үшін бірегей білім беру ортасын құруға бағытталған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыға жұмыс сапары барысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп құрылысымен танысты. Мектеп 900 оқушыға арналған және мұнда балаларға арналған интернат, оқытушылар...
Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заңға қол қойылды
Мемлекет басшысы "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.
Құжатта:
тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;
археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;
тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;
қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті...
Оразада қалай дұрыс тамақтану керек?
Қасиетті Рамазан айында дәстүр бойынша, ораза кезінде күндізгі тамақ пен судан бас тарту керек, бұл тек рухани ғана емес, физикалық жағынан да үлкен сынақ. Ашығу созылмалы сырқатпен ауыратындарды айтпағанда, сау организмнің өзін күйзеліске ұшыратады. Күні бойы таңнан күн батқанға дейін ағзаға су, өмірлік маңызды қоректік заттар (ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералдар мен дәрумендер) түсуі тоқтайтынын түсіну керек. Созылмалы аурулары бар...
Жетісуда Алғыс күніне орай ардагерлер мен аналарды құттықтап, жүз отбасына қайырымдылық жасады
Жетісу облысында Алғыс айту күніне орай «Алғыс керуені» басталды. Шара аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдық бөлімшесінің бірі «Жомарт жан» орталығы мен өңірдің іскер әйелдер кеңесі 100 отбасыға қайырымдылық көмек жасады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жалпы, өңірде Алғыс айту күніне орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Алдымен қалыптасқан дәстүр бойынша жұртшылық Қаратал ауданының Бастөбе ауылында орналасқан «Қазақ халқына мың...
Талдықорғандағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ескерткіш тақта орнатылды
Талдықорған қаласындағы Достық үйінде республикалық форум аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ескерткіш тақта орнатылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, облыстық ҚХА мүшелері, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, депутаттық топ мүшелері мен жастар қатысты,- деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Мерекелік кездесу барысында өңір басшысы алдымен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына арналған құттықтауын...
Жетісу облысының әкімі Қырғыз Республикасының Алматыдағы Бас консулымен кездесті
Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Қырғыз Республикасының АлматыдағыБас консулы Женишбек Асанкуловпен кездесті. Тараптар кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, - деп хабарлайдыЖетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ресми делегацияны жылы қабылдаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев өзсөзінде екі елдің арасындағы туыстық қарым-қатынасты тілге тиек ете келе,Жетісу облысының инвестициялық мүмкіндіктеріне қысқаша тоқталды.- Алатаудың арғы беті мен бергі бетін жайлаған туысқан қазақ-қырғызхалқының салт-дәстүрі де,...
Өзара құрмет пен алғыс – береке бастауы
Жетісу облысының әкімі
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың
1 Наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтауы
Құрметті жетісулықтар!
Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн қоғамдағы келісім мен бірлікті нығайта отырып, халқымыздың мейірімділік пен жанашырлық, бір-біріне жәрдем етіп, қамқор болу сияқты ізгі қасиеттерін жадымызда жаңғыртып, санамызға берік орнықтыра түседі.
Жер жаннаты Жетісу тарих толқынында тағдыр тоғыстырған жетпістен астам ұлт пен ұлысқа құтты мекен болып отыр. Бүгінде...
«Туған елдің игілігі үшін адал әрі тынымсыз еңбек етіп жүрген барша отандастарыма алғыс айтамын»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауы
Құрметті отандастар!
Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл жарқын мереке азаматтарымыздың бір-біріне деген ризашылығы мен тілектестігінің, шынайы құрметінің символы саналады.
Халқымыз ғасырлар бойы берекелі бірлігі мен туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігінің арқасында ең күрделі сынақтар мен қатерлерді еңсере білді. Осы іргелі құндылықтар жалпыұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл...





























