Президент Жолдауын жүзеге асыру: Қазақстандағы әлеуметік саясаттың жүйелі шаралары мен нәтижелері
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау аясында әлеуметтік сала мен еңбек нарығын сапалы трансформациялауға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Үкіметтің басты назары Жолдаудың негізгі қағидаттарын іс жүзіне асыруға бағытталған. Әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету шеңберінде мемлекеттік қолдаудың проактивті және атаулы моделіне көшу жүзеге асырылып жатыр, барлық азаматтар үшін...
“AMANAT” партиясы Жетісу облыстық филиалында “Құқықтық көмек” акциясы аясында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өтті
“AMANAT” партиясының Жетісу облыстық филиалы ұйымдастырып, «Құқықтық көмек» акциясы аясында өткен бұл қабылдаудың негізгі мақсаты – азаматтарға жеке құқықтық қолдау көрсетіп, олардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған нақты заңнамалық түсініктемелер беру болды.
Қабылдауға Жетісу облыстық Әділет департаментінің заңгерлері қатысты. Олар азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, құқықтық аспектілер бойынша жан-жақты түсіндірулер жүргізді. Әсіресе, қабылдауға келген қала тұрғыны Мұсаханова Мөлдірдің жерін заңдастыру мәселесіне қатысты...
Жетісу облысында жаңа оқу жылында 3 мектеп күрделі жөндеуден кейін қолданысқа берілді
Жаңа оқу жылында Жетісу облысында 3 білім нысаны күрделі жөндеуден кейін есігін айқара ашты. Жалпы оқушы орны 2300-ден асатын бұл мектептерге күрделі құрылыс алғаш рет жүргізілді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Соның ішінде Қаратал ауданы Тастөбе ауылындағы Жамбыл атындағы мектептің ашылуына арнайы барған облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов өңірде 6 жаңа мектептің құрылысы мен 8 білім мекемесінің...
Білім, денсаулық, тұрғын үй саласындағы өзекті мәселелер
Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахмет Есдәулетовтың төрағалығымен кеңестің 7-ші отырысы өтті. Шараға кеңес мүшелерінен бөлек тиісті сала басшылары қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде : «Талдықорған қаласының білім бөлімі»ММ 2024-2025 оқу жылында атқарған жұмыстары және қаланың жалпы білім беретін мектептерін жаңа оқу жылына дайындау барысы туралы», «Талдықорған қаласы №1 және №2 қалалық емханалары басшыларының қаладағы денсаулық сақтауды дамыту бойынша жүргізіп...
Қазақстандықтардың 80%-тен астамы Президентке қолдау білдіреді — әлеуметтанулық зерттеу
ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ағымдағы жылдың 11 шілдесі мен 12 тамызы аралығында кең ауқымды сауалнама өткізді. Оған 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8000 адам қатысты.
Әлеуметтік зерттеу респонденттердің Президент институтына сенімінің зор екенін көрсетті: азаматтардың 82,4% Қасым-Жомарт Тоқаевқа үлкен қолдау білдіріп отыр.
Ең жоғары деңгейде қолдау көрсетіп отырғандар – 18-29 жас аралығындағы қазақстандықтар (90,3%)....
Алғашқы қоңырау сыңғыры
Қала әкімі Ернат Бәзіл Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебінде жаңа оқу жылының басталуына арналған дәстүрлі мерекелік жиынға арнайы қатысып, ұстаздар қауымы мен оқушыларды білім күнімен құттықтады. Ол өз сөзінде білім мен ғылымның ел дамуы мен болашағы үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтіп, жас буынға сапалы білім, саналы тәрбие берудегі мұғалімдердің еңбегіне жоғары баға берді.
«Бүгінгі алғашқы қоңырау мерекесі бәріміз...
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін онлайн-санақ кезеңі 20 қыркүйекке дейін ұзартылды
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін онлайн-санақ кезеңі 20 қыркүйекке дейін ұзартылды. Барлық заңды тұлғалар, шаруа және фермер қожалықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлер санақтан sanaq.gov.kz сайтында өте алады.
Бюроның тіркеліміне сәйкес, санақ 22 мың ірі кәсіпорынды және 271 мың шаруа, фермер қожалықтарын және жеке кәсіпкерлерді қамтуы тиіс. Тамыз айында онлайн-санаққа 574 мың респондент қатысты. Оның ішінде 245,7 мыңнан астамы –...
Жетісу облысының Кербұлақ ауданында жылыту маусымына дейін 17 ауылға табиғи газ беріледі
Кербұлақ ауданындағы 63 елді мекеннің 26-сы өңірлік газдандыру схемасына сәйкес газдандыруға жатады. Қазіргі уақытта 18 елді мекенде газ тарату желілерінің құрылыс жұмыстары аяқталды, соның ішінде Сарыөзек елді мекенінде газ бар. Ал жылыту маусымы басталғанға дейін тағы 17 ауылға газ беріледі. Бұл туралы аудан тұрғындарымен өткен кездесу барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Көгілдір отынды...
ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыға өтінім қабылдау мерзімі аяқталуда
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайынғы үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау конкурсына өтінімдерді 2025 жылғы 2 қыркүйек (қоса алғанда) сағат 18:30-ға дейін қабылдайды.
Конкурстың мақсаты – ұйымдардың әлеуетін нығайту және қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға ынталандыру үшін институционалдық қолдау көрсету.
Сыйлықақы әлеуметтік маңызы бар 16 сала бойынша беріледі. Бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері – 2000 АЕК.
Өтінімді premiya2025@cisc.kz электронды...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияның 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда сөйлеген сөзі
Құрметті отандастар!
Қадірлі қауым!
Бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша. Осыдан 30 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Бұл егемен еліміз үшін тарихи сәт болды.
Баршаңызға құтты болсын деймін.
Шын мәнінде, Ата заңнан биік ештеңе жоқ. Себебі Конституция – мемлекеттігіміздің мызғымас тұғыры, Тәуелсіздігіміздің айнымас темірқазығы.
Қазақ – Ұлы дала заңына бас иген, ар-ұяттан аттамаған халық. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Әз...




























