Алғашқы қоңырау сыңғыры

170

Қала әкімі Ернат Бәзіл Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебінде жаңа оқу жылының басталуына арналған дәстүрлі мерекелік жиынға  арнайы қатысып, ұстаздар қауымы мен оқушыларды білім күнімен құттықтады. Ол өз сөзінде білім мен ғылымның ел дамуы мен болашағы үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтіп, жас буынға сапалы білім, саналы тәрбие берудегі мұғалімдердің еңбегіне жоғары баға берді.

«Бүгінгі алғашқы қоңырау мерекесі бәріміз үшін ерекше қуанышқа толы күн. Жаңа оқу жылы әрбір шаңыраққа шаттық, мектепке мерей, ұстаздарға шабыт әкелсін. Білім – болашағымыздың алтын қазығы. Жаңа оқу жылы баршаңызға жарқын жетістіктер мен қуанышты сәттер сыйласын»-деді. Сондай-ақ, Ернат Дүйсенбекұлы  жаңа мектептердің құрылысы туралы жағымды жаңалықтармен де бөлісті. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп жатқан  «Батыс» және «Құлагер» шағын ауданындағы 1200 орынды мектеп пен алдағы уақытта «Жастар-2» және «Көктал» тұрғын үй алабында  900 орынды мектеп салу жоспарланып жатқандығын атап өтті. Шара барысында алғашқы қоңырау соғылып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге құрмет көрсетілді. Айта кетейік, биылғы жаңа оқу жылында Талдықорған қаласы бойынша 36 364 оқушы, оның ішінде 1 сыныпқа қабылданған 4 мыңға жуық бала  мектеп табалдырығын аттады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз