Білім, денсаулық, тұрғын үй саласындағы өзекті мәселелер

120

Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахмет Есдәулетовтың төрағалығымен кеңестің 7-ші отырысы өтті. Шараға кеңес мүшелерінен бөлек тиісті сала басшылары қатысты.

             Кеңестің күн тәртібінде : «Талдықорған қаласының білім бөлімі»ММ 2024-2025 оқу жылында атқарған жұмыстары және қаланың жалпы білім беретін мектептерін жаңа оқу жылына дайындау барысы туралы», «Талдықорған қаласы №1 және №2 қалалық емханалары басшыларының қаладағы денсаулық сақтауды дамыту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы», «Талдықорған қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің ОСИ құру,олардың жұмысын ұйымдастыру және кондоминиум нысанын басқаруға,сондай-ақ ортақ мүлікті күтіп-ұстауға арналған ең төменгі шығын мөлшерін бекіту жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы», «Талдықорған қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ басшысының көрсетілген мемлекеттік қызметтер жөніндегі есебі және Талдықорған қаласының 2022-2026 жылдарға арналған тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын бекіту туралы»,  «Талдықорған қаласындағы тұрғын үй мәселелерін шешу», «Талдықорған қалалық мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы» тақырыптар қамтылды. Бірінші мәселеге негіз болған «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Шынар Шарипбаеваның баяндамасына сүйенсек, шаһардағы 27 жалпы білім беретін мектептен 35 мың 826 оқушы білім алып,1446 түлек мектебімен қоштасқан.Жаңа оқу жылында 3 жарым мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отыр.Қала бойынша мектеп түлектерінің 78,2 пайызы ҰБТ-ға қатысып,орташа балл-76 құраған. Мектепке дейінгі тәрбие берумен айналысатын 72 балабақшада 9164 бала тәрбиеленіп жатыр. Жаңа оқу жылында-білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интелектіні енгізуге басымдық берілмек. Қазіргі таңда қала мектептері 100 пайыз ғаламтор желісімен қамтылған. Сонымен қатар биылғы жылдан бастап «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру, білім беру ұйымдарында оқыту процесінің сапасын арттыру,сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуде цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен қамту,ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға тиімді психологиялық көмек көрсету,әртүрлі санаттағы балалардың білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз етуде мобильді консультациялық-әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізу басты назарда болмақ. Талдықорған қаласы №1 және №2 қалалық емханаларының басшылары қаладағы денсаулық сақтауды дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндап, кейбір салада дәрігерлердің жетіспейтінін,техникалық құрал-жабдықтардың да ескіргенін айтып өтті.1960-шы жылы ірге көтерген қалалық емхана ғимаратының да заман талабына сай келмейтін тұстарын атап көрсетті. Әсіресе дәрігерлік қызметті  пайдаланғысы келетін мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен сәбилерімен келетін ата-аналарға қызмет сапасын әлі де жетілдіру мәселесі бар екенін алдыға тартты. «Шайқорған», «Қызыл тас», 3-ші бөлімше тұрғындары үшін қосымша медициналық кабинеттер ашу қажеттігі туындап отыр.Жыл аяғына дейін аталған кемшіліктердің орнын толтыру бағытында жұмыстар жүргізілетін болады.

       Талдықорған қаласында барлығы 865 көп қабатты тұрғын  үйлер бар.Оның 340-ы пәтер иелерінің кооперативін құрған.85 үйге 11 басқару компаниясы қызмет көрсетуде. 75 үйге мүлік иелерінің бірлестігі бақылау жасаса,356 үйге басқару ұйымы бекітілмеген. Тұрғындар тарапынан түсінбеушілік тудырып отырған басты мәселе-ортақ мүліктерді күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерінің бекітілмеуі болып отыр. Үшінші мәселе ретінде қарастырылған,Талдықорған қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің ОСИ құру,олардың жұмысын ұйымдастыру және кондоминиум нысанын басқару туралы,сондай-ақ ортақ мүлікті күтіп-ұстауға арналған ең төменгі шығын мөлшерін  бір шаршы метр үшін 35 теңгеден бекіту жөніндегі мәселе  қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан өз шешімін тапты. Өз кезегінде сөз алған «Талдықорған қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ басшысы Таңат Төлеуғалиұлы аталған бөлімнің атқарып отырған қызметі жайлы баяндады.Қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде- 15 716 азамат тұр. Оның 5553- мемлекеттік қызметшілер,бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлері санатынан болса,6811-халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары санатынан, 2045-көп балалы отбасы,1304-жетім бала,3-апатты тұрғын үйдің иесі қатарында.Ағымдағы жылы республикалық бюджет есебінен халықтың әлеуметтік жағынан осал таптары үшін 296 пәтер қолданысқа берілген.2025 жылдың 24 мамырынан бастап «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалар және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрғын үй беру жөніндегі шешім қабылдау «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ құзіретіне беріліп отыр.           Қоғамдық кеңестің әр мүшесі қаланың жанашыры болғандықтан, өзекті мәселелерге барынша назар аударды. Басқосу қорытындысында Кеңес мүшелерінің пікірі ортаға салынып, ұсыныстар қабылданды.

Гүлжанат Мырзалықызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз