Шекарашылар «Балаға қуаныш сыйла» атты акциясына өткізді
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамы «Балаға қуаныш сыйла» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Акция барысында шекарашылар балаларға сыйлықтар үлестіріп, қуанышты көңіл-күй сыйлады. Шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа қамқорлық көрсету, мейірімділік пен ізгілікті насихаттау.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
Жетісуда туризмді дамыту басқармасы құрылады: Президент Жолдауы аясында саланы дамыту жолдары талқыланды
Жетісу облысында өңір басшысы Бейбіт Исабаевтың төрағалығымен Президент Жолдауы аясында туризмді дамыту мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Кездесуге жергілікті атқарушы органдар, өңірдің туристік сала өкілдері, оның ішінде ұлттық табиғи парктердің, демалыс аймақтары мен базалардың, туристік клубтар мен бизнес нысандарының басшылары қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Бейбіт Исабаев атап өткендей, Жетісу облысының туризмі 5 негізгі бағытқа негізделген. Олар: Алакөл,...
Зейнетке шығарып салды
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында сержант Фарида Есенғалиеваны зейнеткерлікке шығарып салу салтанатты шарасы өтті.
Шара барысында әріптестері Фарида Есенғалиқызының көп жылдық адал еңбегін атап өтіп, шекара қызметіне қосқан үлесін жоғары бағалады. Ұжым атынан ардагерге естелік сыйлықтар табысталып, алдағы өміріне мықты денсаулық пен сәттілік тіледі.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
Шекарашылар қаза тапқан қаруластарын еске алды
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы еске алу шарасын өткізді.
Іс-шара 2009 жылы Өгем шатқалындағы таулы аумақта жауынгерлік тапсырманы орындау барысында апатқа ұшыраған тікұшақтан қаза тапқан шекарашылардың рухына арналды.
Шекарашылар қаза болған жауынгерлерді еске алып, олардың ерлігі мен Отан алдындағы адалдығының мәңгі өшпейтінін атап өтті.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
Жолдауға қолдау көрсетілді
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы мен оған қарасты шекара бөлімдері мен бөлімшелерінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын қарау ұйымдастырылды.
Шекарашылар Жолдауда айтылған негізгі міндеттер мен бастамаларға назар аударып, олардың елдің тұрақты дамуы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңыздылығын атап өтті.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
Шекарашылар Президент Жолдауын тыңдады
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын қарау ұйымдастырылды.
Шекарашылар Жолдауда айтылған бастамалардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Шекара қызметі ұжымы Президент жүктеген міндеттерді жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етуге дайын екендіктерін білдірді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
Берері мол шара
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының ұйымдастыруымен Үшарал қаласының әкімшілігінде «Әскери қызметтің имиджін көтеру» тақырыбында іс-шара өтті.
Жиынға Алакөл ауданы әкімінің орынбасары М.Төлеужанов төрағалық етті. Іс-шара барысында әскери қызметтің абыройы мен қоғамдағы беделін арттыру, жастардың әскери мамандыққа қызығушылығын ояту мәселелері талқыланды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
Үшаралда шекара қызметіне қабылдау бойынша үгіт-насихат шарасы өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының ұйымдастыруымен қаласында үгіт-насихат іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында ҚР ҰҚК Шекара академиясына, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Түркия мемлекетінің жоғары әскери оқу орындарына түсуге ниетті жастарға ақпарат берілді. Сонымен қатар келісімшарт негізінде әскери қызметке орналасу тәртібі де түсіндірілді.
Жұмыс тобы үміткерлерге әскери қызметтің мәртебесі, әлеуметтік кепілдіктері мен болашағы жайында кеңінен...
Шекарашылар Қазтест жүйесі бойынша сынақ тапсырды
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының әскери қызметшілері мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын Қазтест сынағын тапсырды.
Бұл шара шекара қызметшілерінің мемлекеттік тілдегі құзыреттілігін арттыруға, кәсіби даярлығын жетілдіруге және мемлекеттік қызметтегі тіл саясатын ілгерілетуге бағытталған.
Қазтест жүйесі бойынша тестілеу тыңдалым, оқылым, жазылым және лексика-грамматикалық құрылымдарды меңгеру деңгейін айқындады. Шекарашылар емтихан барысында өздерінің тілдік дайындықтарын көрсетіп,...
Әсіре діншілдіктің азабы ауыр
Хакім Абай Ахмет Риза медресесінен білім алып, ауылға оралғанда қажы Құнанбай не үйреніп келгенін сұрайды. Сонда бала Абай «Фатиха мен Ықыласты» меңгергенін айтып, сөзін қысқа қайырады. Сонда болыс ұлының жауабына риза болып, ары сөзге тартпайды. Жарықтық, әжем 6-сынып оқып жүргенімде мешітке қуатын. Сондағы «қазір Құран жаттап ал, кейін кеуден піскенде жүрегіне қонбайды» дегені екен. Білімсіз дінге кірсеңіз, балшыққа батасыз....





























