Еңбек күні: Олжас Бектенов Президент атынан жұмысшы мамандықтары өкілдеріне марапаттар табыстады
📌 Премьер-министр Еңбек күніне арналған «Еңбек адамы – Ел мақтанышы» республикалық форумына қатысты. Олжас Бектенов Мемлекет басшысының атынан ел экономикасының нығаюына және дамуына үлес қосқан жұмысшы мамандықтары өкілдеріне мемлекеттік наградаларды табыстады.
🔸 Форумға қатысушыларға арнап сөйлеген сөзінде Премьер-министр Президенттің Ұлттық құрылтайда белгілеп берген «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаты бүгінде Қазақстан қоғамының дамуындағы басты бағытына айналғанын атап...
АЭС атауына арналған конкурс қарқын алуда — тәулік ішінде 10 мыңға жуық өтінім түсті
2025 жылғы 25 қыркүйек сағат 12:00-ден 26 қыркүйек сағат 12:00-ге дейін eGov Mobile қосымшасы арқылы Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына атау беру бойынша 9 945 ұсыныс келіп түсті.
Айта кетейік, АЭС-ке ең үздік атау беру жөніндегі жалпыхалықтық конкурс 25 қыркүйек күні сағат 12:00-де басталды. Оған қатысу eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі: басты бетте «АЭС-ке атау ұсыныңыз» деген баннер орналастырылған.
Бастаманың...
Тарифтік жеңілдіктер және электромобильдерді Қазақстанға әкелуге квота: 2025 жылғы қыркүйекке арналған өзекті статистика
Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы №130 шешімінің (бұдан әрі — №130 шешім) 7-тармағының 7.1.38 тармақшасына сәйкес СЭҚ ТН 8703 80 000 2 коды бойынша жіктелетін электр қозғалтқышы бар көлік құралдары кеден одағының аумағына әкелу кезінде тарифтік жеңілдікті пайдаланады.
Бір мезгілде көрсетілген шешіммен 2025 жылға Қазақстан Республикасына 15 000 бірлік көлемінде электромобильдер әкелуге квота белгіленді.
2025 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай...
«Таза бейсенбі»: Жетісуда 500 тонна қоқыс шығарылып, 300 көшет отырғызылды
Жетісу облысында жалпыұлттық «Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында өткен «Таза бейсенбі» экоакциясына 5767 адам қатысып, 111 дана арнайы техника жұмылдырылды. Жұдырықтай жұмылған шараның нәтижесінде 203 гектар алқап тазартылып, 494 тонна тұрмыстық қалдық полигондарға шығарылды. Сонымен қатар, 300 түп көшет отырғызылып, 2230 метр қоршау мен 3500 метр қақпа сантүрлі түске боялды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Экоакцияға Кербұлақ ауданының...
Облыстағы нашақорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша әлеуметтік эксперименттер туралы
2025 жылғы 28 шілдеде Талдықорған қаласында Жетісу облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Наркобұзушылықтардың алдын алу кеңесінің мүшелері бірлесіп ерекше акция ұйымдастырды. Танымал блогер, @optimist.hafiz ник арқылы белгілі Хафизбен бірге олар қаланың көшелерінде әлеуметтік эксперимент жүргізді. Эксперимент барысында тұрғындарға ағзадағы есірткі заттарының бар-жоғын анықтайтын экспресс-тесттен өту ұсынылды. Көптеген қала тұрғындары бұл бастаманы қуана қолдап, өздерінің азаматтық...
Аида Балаева: «Көшбасшы, білімді әйелдер еңбегі – Қазақстан тарихының жаңа белесі»
Алматыда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «BeWoman Asia» форумы өтті.
BeWoman Asia – Орталық Азиядағы әйелдер көшбасшылығының ең ірі халықаралық алаңы. Форумға жиырма елден жүзден астам қатысушы жиналды. Құрметті қонақтар қатарында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы, ҚР Мәдениет және...
Жетісу облысының тауар өндірушілері ұйымдастыратын күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырамыз
Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қала қонақтары!
2025 жылдың 27-28 қыркүйегінде Жетісу облысының тауар өндірушілері ұйымдастыратын күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырамыз!
Жәрмеңкеде сіздер үшін өңірдің 2 қаласы мен 8 ауданынан келген өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ассортименті ұсынылады.
Жәрмеңкеге сапалы ет, балық, сүт өнімдері, балғын көкөністер мен жемістер, табиғи бал, жарма, ұн, қант және май, ұлттық сусындар, жалпы көлемі 154,8 тонна түрлі...
Отбасын қолдау: Жетісу облысында тоғызыншы «Жанұя» орталығы ашылды
Жетісу облысында тоғызыншы «Жанұя» отбасын қолдау орталығы ашылды. Бұл әлеуметтік маңызы бар нысан Ақсу ауданында да өз жұмысын бастады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау және қолдау мақсатында құрылған «Жанұя» орталықтары Жетісу өңірінің аудандары мен қалаларында 2023 жылдан бастап ашыла бастады. Олардың...
Көше атауына көңіл бөлейік!
Өзге мемлекеттерден, болмаса еліміздің басқа облыстарынан сапарлаған қонақтар ең алдымен елді мекеннің, көшенің атауларына назар аударатыны сөзсіз. Ұлттығымызды ұлықтайтын тарихи атаулар арқылы біз өңірімізді дәріптеп қана қоймай, ұрпағымызды бабалар мұрасына бағыттаймыз.
Онамастикалық атаулар-ел тәуелсіздігінің баға жетпес бөлшегі. Талдықорғанның онамастикалық комиссиясы Тәуелсіздік шежіресінде тұрманын түгендеп, ұлт бірлігін паш ететін, тарихи тұлғаларды танытып, қазақи мазмұны терең атаулардың қаланың айнасына айналғаны мерейімізді тасыта...
Жер-анаға жарты ғасырын арнаған тұлға
Қала күні қарсаңында еліне адал еңбегін арнап, танымал болған тұлғалар жайлыда қалам тербеуді мақсат тұттық. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз: ғалым-ұстаз, еңбек ардагері, Экология Академиясының мүше-корреспонденті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қоғам белсендісі- Сапарғалиев Черизат Құрманғалиұлы.
– Черизат аға, 23 шілдеде 75 жасқа келіпсіз, құтты болсын! Сұхбатымызды туған жерден, елден бастасақ.
– Рақмет. Туған жерім - Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жыланды ауылы. Әкем Құрманғалидың...





























