10.8 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 18 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 165

Талдықорғанда Жетісу облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

Талдықорған қаласында Жетісу облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді. Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бастауымен 2025 жылдың 18 қазанында Талдықорған қаласында облыс тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілетіндігін хабарлайды. Жәрмеңкеге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер ретінде қатысуға ниет білдірушілер, келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (7282) 60-00-47, 8 701 701 01 81. 📍 Өтетін орны және сағаты: Талдықорған қаласы, Қонаев...

Чек талап ет – құқығыңды қорға!

Құрметті азаматтар! Егер сатушы фискалдық чек бермесе, картамен төлем қабылдамаса немесе өзге де бұзушылықтар орын алса, сіз "Amian" мобильді қосымшасы арқылы шағым бере аласыз. Ол үшін бизнес QR-кодын (салық төлеуші паспорты) сканерлеңіз немесе мәліметтерді қолмен толтырыңыз. Сіздің өтінішіңіз Мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) жолданып, қаралады. Әр сатып алуға чек талап етіңіз – бұл сіздің құқығыңыз! Чек бермеді ме? Бұзушылық туралы "Amian" қосымшасы арқылы хабарлаңыз! Сатушының QR-кодын сканерлеңіз...

Талдықорғанның дамуы: Бейбіт Исабаев қаладағы құрылыс нысандарын аралады

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев жұмыс сапары барысында Талдықорған қаласындағы бірнеше құрылыс нысандарын аралады. Өңір басшысы құрылыс жұмыстарының сапасын тексеріп, қала әкімі мен мердігер ұйымдарға бірқатар тапсырмалар берді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.   Ең алдымен облыс әкімі 2006 жылы орнатылған қазақтың үш тұлғасы – Ескелді би, Балпық би және Қаблиса жырауға арналған «Үш ата» монументін және...

Жетісулықтар арасында ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік корпорацияның Жетісу облысы бойынша филиалы қандай Мемлекеттік қызметтер үшін ХҚКО-ға жиі жүгінетіндігімен бөлісті. Ең көп сұраныс жеке куәліктер мен төлқұжаттарды ресімдеу, электрондық цифрлық қолтаңба алу, көлік құралдарын тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуде байқалады. Мәселен, ағымдағы жылдың тоғыз айында облыста 77 мыңнан астам төлқұжат пен жеке куәлік берілген. Сондай-ақ, 62 мыңнан астам көлік тіркеліп, тұрғындар электрондық цифрлық қолтаңбаны 49 мыңнан астам...

Жетісу облысында жаңа Салық кодексінің негіздері түсіндірілді

Жетісу облысында жаңа экономикалық бағыт пен Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында бизнес-қоғамдастық өкілдерінің, өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік кірістер аумақтық бөлімшелерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудит департаментінің директоры Қадыр Исмагұлов, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроазық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің ішкі сауда басқармасының...

Мемлекет басшысы: “Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымы+” форматын құру идеясын қолдайды

📌 Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитінде сөз сөйледі Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, ерекше қонақжайлық көрсеткені үшін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке ризашылығын білдіріп, бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша, күн тәртібі өзекті екенін айтты.  – Түбі бір түркі жұртының тарихы – тамырлас, халықтарымызға ортақ сан ғасырлық шежіреміз бар деп үнемі айтып жатырмыз. Мұның бәрі – берекелі бірлігіміз бен мәңгілік ынтымағымыздың алтын арқауы. Жақында...

Отбасы банк арендалық тұрғын үйді таратуды бастайды!

Қазан айынан бастап Отбасы банк еліміз бойынша арендалық тұрғын үйді бөлу процесін бастайды. Жаңа тұрғын үй реформасына сәйкес, пәтерлер азаматтардың кезекке тұрған күні мен табыс деңгейіне қарай үлестіріледі. Кезекте тұрған азаматтар Отбасы банк сайтында жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беруі қажет.  Толық нұсқаулық — видеода. Қиындықтар туындаған жағдайда, азаматтар ХҚКО-дағы және Отбасы банк бөлімшелеріндегі өзін-өзі қызмет көрсету аймақтарына жүгіне алады. Назар аударыңыз: Егер табыс...

AMANAT: БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫ ҚОРҒАУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметіде Жетісу облысында орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жүргізілген қоғамдық мониторингтерге байланысты брифинг өтті. Отырыста партия өкілдері, депутаттық корпус, қоғамдық кеңес мүшелері, ата-аналар комитеттері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және басқа да ұйымдар қатысуымен балалық шақты қорғау жөніндегі қоғамдық штабтың құрылғаны хабарланды. Балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау – қоғам мен мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Соңғы уақытта ата-аналар...

Жетісу өңірінде қыс мезгіліне 540-тан астам техника мен 28 мың тоннадан астам мұздан тазартатын материалдар дайындалуда

Жетісу облысында қысқы маусымда жол желісін күтіп ұстауға 543 техника мен 28 мың тоннадан астам мұздан тазартатын материал дайындалуда, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар автожолдарда және өңірдің елді мекендерінің ішкі жолдарында қысқы күтіп ұстау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізу үшін...

Президент бастамаларын жүзеге асыру: ЭЫДҰ-ның білім беру саласындағы зерттеулерінде Қазақстан өз позициясын жақсарта түсті

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жүргізген TALIS-2024 сабақ беру және оқытудың халықаралық зерттеуінің нәтижесі бойынша, Қазақстанның білім беру жүйесінде оң өзгерістер байқалды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған білім беру саласын дамыту және педагог мәртебесін арттыру шараларының тиімді жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді. 🎓 TALIS зерттеуі білім беру ортасын, педагогтердің еңбек жағдайларын, кәсіби даму мүмкіндіктерін, оқыту тәжірибесін және кәсіби ұстанымдарын бағалайды. Зерттеуге...