Елордада тұңғыш рет үстел теннисінен халықаралық деңгейдегі Президент кубогы өтеді
2025 жылдың 25–29 қазаны аралығында Астанада үстел теннисінен жылдың ең ауқымды әрі беделді спорттық оқиғасы – Қазақстан Республикасы Президентінің алғашқы ашық кубогі (President’s Open Cup) өтеді.
Жарыс Beeline Arena спорт кешенінде Nomad Table Tennis Academy ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі және Қазақстан үстел теннисі федерациясының қолдауымен өткізіледі. Демеушілер Aspan Holding және VD Stroy Engineering компаниялары.
Турнирдің жалпы сыйақы...
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы
Қазан айының екінші жексенбісінде Қазақстанда Мүгедектігі бар адамдар күні (бұдан әрі – МБА) атап өтіледі. Бұл күн инклюзивті қоғам құру мәселесіне тағы бір мәрте назар аударып, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды мемлекеттік қолдау бойынша жүйелі шаралар туралы айтуға мүмкіндік береді. Бүгінде республикада 743 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Оларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау және өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттік...
1–11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жөніндегі бірыңғай нұсқаулық әзірленуде
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Адами капиталды дамыту және кәсіби бағдар беру орталығында жалпы білім беретін ұйымдарда кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыруға арналған кезеңдік нұсқаулықты әзірлеу мақсатында жұмыс тобының қызметі басталды.
Нұсқаулық бастауыш сынып мұғалімдеріне, пән педагогтеріне, сынып жетекшілеріне және кәсіби бағдар беру мамандарына арналған. Онда іс-әрекеттің нақты алгоритмдері, сабақтардың үлгілік сценарийлері, ата-аналар мен әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимыл формалары,...
Жетісуда мал қыстату маусымы үшін 2 млн. тоннадан астам жем-шөп дайындалды, ал өңірдегі малдың басы 2,7 миллионнан асты
Жетісу облысында жем-шөп дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Дәл қазір аймақта мал қыстату маусымына арнап 2 млн. тоннадан астам шөп, сүрлем және жем түрлері дайындалды. Ал облыстағы малдың басы 2,7 миллионнан асты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы таратқан мәліметке қарағанда, биыл 2 миллион 236 мың тонна жем-шөп дайындау жоспарланған. Бүгінгі күнге 2 млн. 270,1...
«Болашақ жастар қолында» атты патриоттық байқау өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті мен Алматы қаласы Бостандық ауданы №65 мектеп-гимназиясының бірлесе ұйымдастыруымен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Болашақ жастар қолында» атты Туды алып шығу рәсімі бойынша байқау өтті.
Шараға он мектептің оқушыларынан құралған командалар қатысып, өздерінің патриоттық рухы мен әскери саптық дайындықтарын көрсетті.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
2025 жылға арналған бақылау тексеру сабақтары
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының жеке құрамы 2025 жылға арналған бақылау тексеру сабақтарын тапсыруда.
Әскери қызметшілер кәсіби дайындық, жалпы әскери білім және дене шынықтыру бойынша сынақтар тапсырып, өздерінің қызметтік шеберлігі мен дайындық деңгейін көрсетуде.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
2025 жылға бақылау тексеру сабақтары
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасында 2025 жылға арналған бақылау тексеру сабақтары өтуде.
Іс-шара барысында әскери қызметшілер жалпы әскери дайындық, дене шынықтыру және кәсіби білім бойынша сынақтар тапсырады. Бұл тексеру олардың қызметтік дайындық деңгейін бағалау және жылдық нәтижелерді қорытындылау мақсатында ұйымдастырылған.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
“Патриоттық тәрбие – отаншылдық кепілі” атты таныстыру шарасы
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Қорғас» шекара бөлімшесінде Жаркент қаласындағы Б. Момышұлы атындағы орта мектептің 10-сынып оқушылары және «Жас шекарашы» үйірмесінің мүшелерімен «Патриоттық тәрбие - отаншылдық кепілі» тақырыбында іс-шара өтті.
Шара барысында оқушыларға әскери қызметшілердің күнделікті тұрмысы мен жауынгерлік қызмет атқару ерекшеліктері таныстырылып, шекарашы мамандығының абыройлы міндеттері туралы түсіндірілді.
ҚР ҰҚК Шекара...
Шекара академиясына оқуға түсуге арналған үгіт-насихат жұмысы
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы Сырымбет ауылы Ж.Жақыбеков атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен ҚР ҰҚК Шекара академиясына оқуға түсу жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын өткізді.
Шара барысында оқушыларға әскери оқу орнына түсу талаптары, шекара қызметінің ерекшеліктері мен абыройлы міндеті туралы жан-жақты ақпарат берілді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
Жетісудың 3 мыңға жуық тұрғындары "Саламатты Қазақстан" пойызы дәрігерлерінен медициналық көмек алды
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы шалғай аудандардағы тұрғындарға сапалы медициналық көмектің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өз бағытын жалғастыруда.
Мамандандырылған дәрігерлер тобы Жайпақ, Достық және Бескөл станцияларында қабылдау жүргізіп, тұрғындарға медициналық көмек көрсетті.
Сапар барысында тұрғындарға профилактикалық тексерулер, бейінді мамандардың кеңестері, бастапқы диагностика және алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Пойыз жұмысы барысында жалпы 2 855 адам, оның ішінде 1 241 бала тексеруден өтті.
Халыққа терапевт,...





























