ЖЕТІСУДА КОНГЛОМЕРАТ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ БАСТАЛДЫ

4

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті «Когер ЛТД» ЖШС конгломератының қызметіне талдау мен мониторинг жүргізуді бастады.

Жүргізіліп жатқан жұмыс тауар нарықтарындағы бәсекелестік ортаның жай-күйін зерделеуге, сондай-ақ үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін (тұлғалар тобын) анықтауға бағытталған. Талдау қорытындысы бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі шараларды әзірлеу жоспарлануда.

Іс-шара аясында тиісті тауар нарықтарындағы бәсекелестік деңгейін бағалау мақсатында конгломерат қызметіне кешенді зерттеу жүргізіледі.

Сонымен қатар, монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды, оның ішінде үстем жағдайды асыра пайдалануға қатысты фактілерді анықтау мен жолын кесу үшін ақпарат жинауды және талдауды көздейтін мониторинг жүзеге асырылуда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз