КИНОПРОКАТ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫНА ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ БАСТАЛДЫ

4

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (бұдан әрі — Департамент) 2024–2025 жылдардағы кинопрокат қызметтері нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізуде.

Талдау аясында монополияға қарсы заңнаманың сақталуына, соның ішінде кинотеатрлар мен кинотеатрлар желілерінің қосымша қызметтерді күштеп таңу ықтималдығына, фильмдерді прокатқа шығару шарттарының өзгеруіне және бәсекелестік ортаға әсер етуі мүмкін басқа да аспектілерге қатысты іс-қимылдарына ерекше назар аударылатын болады.

Сонымен қатар, фильмдерді кинопрокатқа шығару кезінде кәсіпкерлік субъектілері үшін кедергілер тудыратын факторларға бағалау жүргізіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз