19.7 C
Taldykorgan, KZ
Вторник, 21 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 142

Сарқан ауданында биыл жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 73%-ға жеткізіледі

«Алматы-Өскемен» күрежолының бойында орналасқан Сарқан ауданында жол инфрақұрылымын дамыту шаралары белсенді жүргізілуде. Соның нәтижесінде аудандағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі биыл 73%-ға жеткізіледі деп жоспарланған, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Маманбаевтың Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингідегі мәліметтеріне қарағанда, «Алматы-Өскемен» автомобиль жолының Сарқан ауданын басып өтетін 325–410 шақырымдық учаскесіндегі негізгі құрылыс...

Президент: «Соңғы он жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,5 еседен астам өсті»

«Қазір халқымыздың 37 пайызы, яғни 7,5 миллион адам ауылда тұрады. Ауыл – халқымыздың тамыры, рухани қазығы. Бұрын солай болған, болашақта да солай болып қала бермек. Түптеп келгенде, ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне жалпы ауыл-аймақтарды, яғни бүкіл елді дамыту деп қараған жөн. Осы бағытта біз соңғы жылдары ауқымды реформалар жүргізіп жатырмыз. Еліміздің негізгі көрсеткіштері тұрақты. Биылғы он айда экономикамыз 6,4 пайызға өсті. Соның ішінде...

Жетісу облысының тұрғынына "Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері" атағы берілді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 14 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы" қаулысына сәйкес елдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Жетісу облысы Көксу ауданындағы «Көксу қант зауыты» ЖШС директоры Алтынбек Абатов  "Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері" атағы берілді. Дереккөз: Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы — Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне ризашылығын білдірді

«Ең алдымен, барша ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын деймін. Бұл шын мәнінде, нағыз еңбек адамдарының мейрамы екені сөзсіз. Диқандар, мал шаруашылығы мамандары, шаруалар – бәрі де еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосуда. Қажырлы еңбектеріңіз үшін Сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін. Ауыл шаруашылығы – экономикамыздың стратегиялық мәні айрықша саласы. Бүгін, міне, ауыл шаруашылығына арналған екінші форумды өткізіп жатырмыз. Алқалы жиынға ауыл-аймақтардан көптеген...

Қазақстанның серпінді жобалары: 17 бастаманың 14-і ҚДБ-мен қаржыландырылады

Қазақстанның Даму банкі ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) Қазақстанның 17 серпінді жобасының 14-ін қаржыландыруға қатысуды жоспарлап отыр. Банктің қатысу үлесі бастамаларға қатысты 2,6 трлн теңгеге жетуі мүмкін. Бұлар ел ішіндегі жалпы сомасы 6,9 трлн теңгеге жоғары технологиялық қайта өңдеу үлесін арттыратын болашақ металлургиялық және агроөнеркәсіптік кластерлер. Банк Павлодар облысында металлургиялық кластердің бірінші кезегін іске асыруды мақұлдады. Енді Екібастұзда "Mineral Product International" ЖШС...

Жетісудың Көксу ауданында жыл басынан бері 30,5 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

Жетісу облысының Көксу ауданы – ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы аграрлы аймақтың бірі. Онда жыл басынан бері 30,5 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, облыстағы үлесі 9% асты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. - Мемлекет басшысы Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеру ел дамуының стратегиялық басымдығы екенін атап өтті. Бұл ретте біздің мақсатымыз - мал шаруашылығын...

Қазақстанда жекеменшік мектептерге арналған мемлекеттік тапсырыстың жаңа жүйесі іске қосылды

Қазақстанда жекеменшік мектептерде мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастырудың жаңа тетігіне байланысты қанатқақты жоба іске қосылды. Оқу-ағарту министрлігі мен облыстардың, Алматы, Астана және Шымкент қалалары әкімдіктерінің бірлескен бұйрығымен «2025-2026 оқу жылына арналған жекеменшік білім беру мекемелерінде орта білім беруге байланысты мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастырудың жаңа тетігі» пилоттық жобасы бекітілді. Аталған жоба қаржыландырудың ашықтығын арттыруға, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуға және барлық баланы...

Экономикалық саясаттың жаңа дәуірі: реформалар, кәсіпкерлік еркіндік және тұрақты даму моделі

Қазақстан экономикасы биыл серпінді өсім көрсетіп отыр. 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында ішкі жалпы өнімнің өсімі 6,3 пайызға жетті. Бұл – соңғы жылдардағы ең тұрақты қарқынның бірі. Қаңтар айында өсім 3,8 пайыз болса, көктемге қарай 6 пайыздың үстіне шыққан. Мұндай нәтиже ел экономикасының бір бағытқа ғана тәуелді еместігін, түрлі салалардың қатар дамып келе жатқанын аңғартады, деп жазады Ertenmedia.kz.   Өсімнің негізгі қозғаушы...

Салық заңнамасы қоғам назарында

Келер жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілетін Салық кодексіндегі жаңашылдықтар, төлеу тәртібі мен мөлшері бүгінде халық назарында. Аптаның сәрсенбісінде Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттары бастама көтеріп, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлемесін төмендетуге байланысты дөңгелек үстел отырысын өткізді. Оған халық қалалулыларымен қатар мемлекеттік кірістер басқармасының, қалалық әкімдіктің, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері, кәсіпкерлер қатысты. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап...

Әрбір әрекет заң аясында ғана жүргізілуі тиіс

Қоғамның ең өзекті мәселелерін көтеріп, халық пен биліктің арасында тығыз қатынас орнатуда қоғамдық кеңестің рөлі орасан. Қоғамдық кеңес-жергілікті билік органдарының қабылдайтын шешімдерінің жариялы, ашық болуын қамтамасыз ететін кеңесші әрі бақылаушы орган болып табылады. Мемлекеттік қызмет қашанда қоғамның бақылауында болуы керек. Президент талабы да осы. Кеңес мүшелері қаламыздың өзекті мәселелерін ортаға салып,халық өкілдерінің тиімді ұсыныстарын билікке жеткізуде аянбай еңбек етуде. Барлық...