Мемлекет тұрғын үй көмегінің ережелерін жаңартты: енді бәрі ашық және онлайн қолжетімді
Тұрғын үй көмек – Қазақстандағы аз қамтылған азаматтар мен отбасыларға арналған мемлекеттік төлем. Ол тұрғын үйге, коммуналдық қызметтерге және мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алынған баспананың шығындарының бір бөлігін өтеуге бағытталған. Мемлекеттің мақсаты – әлеуметтік осал азаматтарды қолдау және цифрландыру арқылы процесс ашықтығын қамтамасыз ету.
2025 жылы көмек алу жолы
Өтінішті онлайн egov.kz порталы арқылы немесе ХҚКО арқылы жеке түрде беру...
Шабытты шеберлер шеруі
Қазақ қолөнері ғасырлар бойы ұлттың рухани келбетін қалыптастырып келе жатқан қастерлі қазына. Бұл жолдағы шеберлердің көз майын тауыса жасаған бұйымдары ұлттық болмыстың айнасы, мәдениетіміздің мәйегі. Осы асыл өнерді дәріптеп, еңбек адамының мәртебесін арттыру мақсатында Талдықорғанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Шеберлер шеруі» атты ұлттық қолөнер фестивалі бастау алды.
Фестивальдің салтанатты ашылуында облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Түстікбаев сөз сөйлеп,...
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН САТЫП АЛУ ШЕҢБЕРІНДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ БАҒАСЫ 50%-ДАН 300%-ҒА ДЕЙІН ТӨМЕНДЕДІ
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету реформасы шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі баға белгілеудің жаңа жүйесін енгізді.
Өндірушінің бағасын тіркеудің бірыңғай тәсілі, маркетингтік және көлік үстемелерін алып тастау, генериктерге бағаны 30%-ға төмендету, сондай-ақ халықаралық рефераттау объективті шекті бағаларды қалыптастыруға және негізсіз қымбаттауды болдырмауға мүмкіндік береді.
Нәтижесінде 2026 жылғы сатып алуларда 2025 жылмен салыстырғанда көптеген препараттардың бағасы 50%-дан 300%-ға дейін төмендеді, ал жалпы үнемдеу 36 млрд...
Жетісу облысында 588 кәсіпорын жұмыс істейді
Жетісу облысында 588 кәсіпорын бар, соның 378-і өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейді. Осы жылдың он айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 323,2 млрд. теңгені құрады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі240,1 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте оның өнеркәсіптегі үлесі – 74,3%,бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,3%-ға өскен.
Облыс кәсіпорындарының...
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді
2025 жылдың 7 желтоқсанында WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионы Эрисланди Ларамен үш белбеуді сарапқа салады.
Қазақстандық жанкүйерлер жекпе-жекті «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен 7 желтоқсан күні таңғы 06:00-де тамашалай алады.
Жәнібек Әлімханұлы мен кубалық боксшының жекпе-жегі Frost Bank Center аренасында, Техас штатының Сан-Антонио қаласында (АҚШ) өтеді.
Отандасымыз Астанада өткен соңғы...
Ұшқынсыз электр қуаты: 60 секундтық үй қауіпсіздігі
Электр энергиясы біздің өмірімізді жеңілдетеді, бірақ тұрмыстағы өрттердің әр үшіншісі дәл соның салдарынан болады. Жақсыс – мұндай қауіптің алдын алу оңай. Ол үшін бірнеше қарапайым ережені сақтасаңыз жеткілікті.
Қауіпті шамадан тыс жүктеме
Ең жиі кездесетін қателік – бір розеткаға бірнеше құрылғыны қосу. Жылытқыш, шәйнек, микротолқынды пеш пен қуаттағыштың бәрін бір ұзартқышқа жалғау желіні шамадан тыс жүктейді.
- бір ұзартқыш сымға бірнеше қуатты...
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған шара
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында ұлы ғалым, ағартушы, тарихшы және географ Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған тақырыптық кеш ұйымдастырылды.
Кеш барысында Шоқан Уәлихановтың өмір жолы, ғылыми мұрасы, зерттеушілік еңбектері мен ел тарихындағы орны туралы мазмұнды деректер айтылып, оның ұлтқа сіңірген еңбегі ерекше атап өтілді. Іс-шара сарбаздардың рухани дүниесін байытып, тарихи тұлғаларға...
Бауыржан Момышұлына арналған шараға қатысты
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында сарбаздардың қатысуымен «Мен халқымның Бауыржанымын» атты батыр Бауыржан Момышұлына арналған тағылымдық шара өтті.
Шара барысында даңқты қолбасшының ерлігі, өмір жолы және әскери мұрасы туралы деректер баяндалып, сарбаздарға батырдың Отанға адалдық, тәртіп, ерік-жігер жөніндегі өсиеттері түсіндірілді. Іс-шара жас сарбаздардың бойында патриоттық рух пен жауапкершілік сезімін нығайтуға бағытталды.
ҚР...
Сарбаздарымен психологиялық сергіту шарасы өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында «Күз-2025» шақырылымындағы жас сарбаздармен психологиялық сергіту шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – сарбаздардың эмоционалдық жай-күйін нығайту, ұжым ішіндегі өзара түсіністік пен қолдауды арттыру, сондай-ақ әскери қызметке бейімделу процесін жеңілдету. Сергіту жаттығулары арнайы әдістемелер негізінде жүргізілді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
«Арасан» шекара бөлімшесінде аймақтық волейбол жарысы өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «Арасан» шекара бөлімшесінде салауатты өмір салтын қолдау мақсатында волейболдан аймақтық жарыс ұйымдастырылды.
Жарыс әскери қызметшілердің дене дайындығын арттыру, ұжымдық бірлікті күшейту және спортты насихаттауға бағытталды. Қатысушылар өзара шеберлік байқасып, жоғары спорттық рух пен командалық үйлесімділікті көрсетті.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























