Жетісу облысында квазимемлекеттік сектор субъектілер тарапынан жіберілген монополияға қарсы заңнаманы бұзу дерегі жойылды
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша сумен қамту және су бұру салаларындағы квазимемлекеттік сектор субъектілері тарапынан бәсекелестік заңнамасының бұзылуы анықтады.
Белгілі болғандай, кейбір субъектілердің жарғыларында монополияға қарсы органмен міндетті келісуден өтпеген қызмет түрлері көзделген, бұл Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабының талаптарына қайшы келеді.
Мәселені қарау нәтижесінде Департамент заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығарды,...
Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6,1%-ға ұлғайды
2025 жылдың 11 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6,1%-ға ұлғайып, 9,2 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді.
Ол өсім мал шаруашылығындағы өндіріс көлемін 3,5%-ға, егін шаруашылығындағы өндіріс көлемін 7,6%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Дәстүрлі дақылдардың тұрақты жоғары өнімділігіне қарамастан, биыл майлы және бұршақ дақылдары да айқын өсім көрсетті. Мәселен, 1,1...
Өңдеу өнеркәсібі 5,9%-ға өсті: тоқыма өндірісі 13%-ға артты
Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және нарықты отандық тауарлармен қанықтыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет қайта өңдеу секторының тұрақты өсуін қамтамасыз етеді. Саланы дамыту нәтижелері туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков баяндады.
Оның айтуынша, өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларында оң динамика байқалып, өсім 5,9%-ды құрады. Өндіріс көлемі 8,1%-ға өскен химия өнеркәсібінде айтарлықтай динамика байқалады. Бұған минералды тыңайтқыштар, полипропилен және бояу материалдарын...
Жыл басынан бері теңге бағамы 2,4%-ға нығайды – Ұлттық банк
Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов ұлттық валютаның ағымдағы бағамына түсініктеме берді.
Ол жыл басынан бері теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 512,57 теңгеге дейін, яғни 2,4%-ға нығайғанын атап өтті.
«Бағамның ағымдағы динамикасы негізінен жүргізіліп жатқан дезинфляциялық саясат шеңберіндегі орташа қатаң ақша-несие шарттарына байланысты.
Бұл теңгелік активтердің тартымдылығын шетелдік инвесторлар арасында да арттыра түсті. Осылайша, резидент емес тұлғалардың ҚР мемлекеттік...
Қазақстанда жылдық инфляция деңгейінің төмендегені байқалады
Қараша айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция төмендеп, 12,4% деңгейінде тұрақтады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Ол инфляцияға ең үлкен үлесті азық-түлік тауарлары бағасының өсуі қосып отырғанын атап өтті. Жылдық көрсеткіш жекелеген азық-түлік өнімдерінің әлемде бағасы жоғарылап кеткенімен және ішкі өндірістің өсіп келе жатқан шығындарымен байланысты 13,4%-ды құраған.
«Қарашада азық-түлік емес инфляция 11,2%-ды, ақылы қызметтер инфляциясы...
Қазақстанның агросекторы 6,1%-ға өсті
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет ішкі нарықты сапалы өнімдермен толтыру бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. Жылдың басты жетістігі екінші жыл қатарынан рекордтық астық жиналғаны – ол шамамен 27 млн тонна. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Жалпы 11 айда агроөнеркәсіп кешені 6,1% өсім көрсетті. Негізгі үлес егін шаруашылығында (+7,6%), ал мал шаруашылығы 3,5%-ға өсті....
"Іскер аймақ": бүкіл ел бойынша шағын бизнесті дамытудың жаңа бірыңғай тәсілі
Мемлекет басшысының 2025 жылғы 5 желтоқсандағы "Алтын сапа" сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде айтылған шағын бизнесті қолдау жөніндегі бірыңғай құжатты бірінші кезекте қабылдау туралы тапсырмасын орындау үшін "Іскер аймақ "шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы әзірленді. Құжат ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 3-тармағына және 96-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленіп, бүкіл ел бойынша шағын кәсіпкерлікті дамытудың бірыңғай,...
Машина жасау – өсу көрсеткіштерін бастап тұр: өңдеу өнеркәсібі 5,9%-ға өсті
Президенттің экономиканы әртараптандыру және отандық өндірісті дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру айтарлықтай нәтиже беруде. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
11 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 5,9% жалпы өсім көрсетті. Кіші салаларға бөлгенде машина жасау секторы сөзсіз көшбасшы болып отыр, онда өндіріс көлемі 11,6%-ға өсті. Басқа да негізгі секторларда оң динамика бар: азық...
Үкімет: 2025 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстан экономикасының өсуі 6,4% құрады
Үкімет отырысында 2025 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды.
ҚР ҰЭМ деректері бойынша, басты көрсеткіш – ЖІӨ-нің өсімі, ол 6,4%-ға жеткен.
Президенттің сапалы дамуды қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде ел экономикасы сенімді өсу қарқынын көрсетуде.
Негізгі драйверлер өсімі 7,3%-дан 7,4%-ға дейін жеделдеген өнеркәсіп пен 6,1%-ға ілгерілеген ауыл шаруашылығы болды. Тұрақты дамуды нақты экономиканың басқа секторлары да...
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
Құрметті отандастар!
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Бұл мерекенің еліміз үшін мән-маңызы айрықша. Осы күні халқымыз Қазақстанды егемен ел ретінде дамыту жолында ерікті әрі түпкілікті таңдау жасады.
Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Біз бабалар рухына тағзым етіп, өскелең ұрпақ алдындағы тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, осы ұстанымға адал боламыз.
Азаматтарымыздың ырысты ынтымағының, өзара қолдауының және жасампаз еңбегінің, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің арқасында Қазақстан Тәуелсіздікті нығайту ісінде...





























