17.5 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 23 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 116

Мемлекет басшысы: «Кедендік реттеу және мемлекеттік қадағалау шаралары ұйым ішіндегі кейбір шешімдерді өткізу құралы ретінде қолданылмауға тиіс»

🟦Президент өзара сауда-саттықтағы әкімшілік кедергілерді толықтай жоятын уақыт келгенін мәлімдеді. – Азаматтардың еркін қозғалуына мүмкіндік бермейтін қолдан жасалған шектеулерді алып тастап, шекарадағы жүк көліктерінің ұзын сонар кезегін жою қажет. Кедендік реттеу және (көлік, санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық) мемлекеттік қадағалау шаралары ұйым ішіндегі кейбір шешімдерді өткізу құралы ретінде қолданылмауға тиіс. ЕАЭО құрылғалы бері кедергісіз сауда ортасын қалыптастыруға бағытталған біршама құжат қабылданды. Енді...

Президент жасанды интеллект технологиясын ЕАЭО қызметіне енгізуді ұсынды

Мемлекет басшысы ЕАЭО-ның экономикалық әлеуетін одан әрі нығайту қажет екеніне назар аударып, интеграциялық бірлестікті дамытудың басым бағыттарын айқындады. – Әлем жаппай цифрлық трансформация мен жасанды интеллект дәуіріне қадам басты. Уақыт ағымынан қалмай, заманауи технологияларды ЕАЭО-ға мүше елдер экономикасының барлық саласына енгізу қажет деп санаймын. Жасанды интеллект технологиясын ЕАЭО қызметіне енгізе бастауды ұсынамыз. Атап айтқанда, мұндай жүйелерді сауда ағынын жоспарлауға және...

Мемлекет басшысы: «Биыл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің жиынтық ІЖӨ көлемі 2 пайызға ұлғаймақ»

Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдардағы жаһандық дүрбелеңдерге қарамастан, ұйымға мүше мемлекеттердің экономикалық даму қарқыны бәсеңдемегеніне тоқталды. – Биыл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің жиынтық ІЖӨ көлемі 2 пайызға ұлғаймақ. Алдағы екі жылда ІЖӨ өсімі тұрақты болады деп болжанып отыр. Еуразиялық экономикалық одақ құрылғалы бері ұйым елдерінің бір-біріне салған тікелей инвестиция көлемі 20 миллиард доллардан асты. Қазақстанға келген инвестиция жеті еседей өсті (2015 жылы...

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысында сөз сөйледі. 🟦Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Президент Владимир Путинге ризашылығын білдірді. 🟦Сондай-ақ Жаңа жыл қарсаңында Петербургтегі дәстүрлі кездесу жылды қортындылап, алдағы күнге жоспар құруға мүмкіндік беретінін атап өтті. 🟦Президент биыл Еуразиялық экономикалық одақ үшін мерейлі жыл болғанын еске салды. Ұйым дамудың екінші онжылдығына батыл қадам басты. 🟦Осы...

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты. ✔Кездесуге Қазақстан Президентімен бірге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты. ✔Кеңес отырысында Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының келесі жылы атқаратын негізгі міндеттері мен бағыттары...

Қазақстанның автожол саласына қандай өзгерістер енгізілді

2025 жылы Қазақстанда автомобиль жолдарын салу және күтіп-ұстау сапасын арттыруға, нарық қатысушыларының жауапкершілігін күшейтуге, сондай-ақ жол инфрақұрылымын пайдаланушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған автожол саласында бірқатар маңызды реформалар іске асырылды. Барлық жаңашылдықтар заңнамалық және нормативтік-құқықтық деңгейде бекітілді. Негізгі қадамдардың бірі – жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасын заңнамалық тұрғыда бекіту болды (https://rcmbase.qazjolgzi.kz/). Бұл платформа автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде қолданылатын материалдар мен технологиялар...

РЕСМИ САПАРДЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 3,7 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРДАН АСАТЫН 60-ТАН АСТАМ ЕКІЖАҚТЫ ҚҰЖАТҚА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Президенттің барлық шетелдік сапары ел экономикасына айтарлықтай серпін береді. Сапарлар барысында миллиардтаған долларға бағаланған шетелдік инвестиция тарту жөніндегі келісімдерге қол жеткізіліп, тиісті шешімдер қабылданады. Сол арқылы тауар айналымы мен экспорт ұлғая түседі. Бұл, әсіресе отандық өндірушілер үшін ерекше маңызды. Сондай-ақ сапарлар аясында стратегиялық мәнге ие нысандар ашылып, он мыңдаған жұмыс орны пайда болады, іскерлік байланыстар нығая түседі. Визасыз режимдегі елдердің қатары...

Мемлекет басшысы Токиодағы БҰҰ университетінде дәріс оқыды

Мұны да ерекше ықыластың көрінісі деуге болады. Қасым-Жомарт Тоқаев дәрісте қазіргі геосаясат, халықаралық аренадағы орта державалардың рөлі, жасанды интеллект маңызының артуы және Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалаудың қажеттілігі секілді негізгі мәселелерге назар аударды. Президент су ресурстарын басқару ісіне арнайы тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған саланың өзектілігін айта келіп, бұл міндеттерді шешу үшін UN Water халықаралық ұйымын құру және Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын ашу...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАПОНИЯҒА РЕСМИ САПАРЫ МАЗМҰНДЫ ӘРІ НӘТИЖЕЛІ БОЛДЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев Күншығыс елінің жоғары басшылығымен, жетекші компаниялардың топ-менеджерлерімен нәтижелі келіссөздер жүргізіп, Жапонияда білім алып, еңбек етіп жүрген қазақстандықтармен кездесті. Қазақстанға инвестиция тарту: Президент жапондық ірі компаниялар және ұйымдар жетекшілерімен кездесулер өткізді. Олардың қатарында Mitsui трансұлттық сауда компаниясы, Rakuten Group халықаралық технология конгломераты, Sumitomo сауда-инвестициялық корпорациясы, машина жасау саласы бойынша әлемдегі ірі корпорациялардың бірі Komatsu, құрылыс пен тау-кен техникаларын өндіруде жетекші...