МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАПОНИЯҒА РЕСМИ САПАРЫ МАЗМҰНДЫ ӘРІ НӘТИЖЕЛІ БОЛДЫ

4
Screenshot

Қасым-Жомарт Тоқаев Күншығыс елінің жоғары басшылығымен, жетекші компаниялардың топ-менеджерлерімен нәтижелі келіссөздер жүргізіп, Жапонияда білім алып, еңбек етіп жүрген қазақстандықтармен кездесті.

Қазақстанға инвестиция тарту:

Президент жапондық ірі компаниялар және ұйымдар жетекшілерімен кездесулер өткізді. Олардың қатарында Mitsui трансұлттық сауда компаниясы, Rakuten Group халықаралық технология конгломераты, Sumitomo сауда-инвестициялық корпорациясы, машина жасау саласы бойынша әлемдегі ірі корпорациялардың бірі Komatsu, құрылыс пен тау-кен техникаларын өндіруде жетекші компания саналатын Hitachi Construction Machinery, сондай-ақ Жапонияның металл және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі агенттігі бар.

Келіссөздерде өзара тиімді ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Атап айтқанда:

🟦ядролық медицинаны дамыту;

🟦аса маңызды минералдарды барлау;

🟦логистика және цифрландыру;

🟦«жасыл» технологияларды енгізу,

🟦құрылыс және тау-кен құрал-жабдықтарының өндірісі мен сервистік қызмет көрсету.

Жоғары деңгейдегі кездесулер:

Император Нарухито мен Жапония Премьер-министрінің бір күнде қарсы алуы және ілтипат көрсетуі Мемлекет басшысының халықаралық қоғамдастықтағы беделі зор екенін байқатады. Жапон дипломатиясында мұндай протоколдық шаралардың кезектесе ұйымдастырылуы таңсық жағдай, сонымен қатар мейманға шексіз құрметтің белгісі ретінде бағаланады.

Бұдан бөлек, Президент Токио губернаторымен жүздесті. Кездесуде қала басқару ісінде Smart city технологияларын дамыту және инновациялық шешімдер енгізу мәселелері қарастырылды. Делегация мүшелері Қазақстан мен Жапония астаналары арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз