Отандық бизнес реттелетін сатып алуларға ОТӨ Реестрі арқылы қол жеткізе алады
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде отандық тауар өндірушілер Реестрі (ОТӨ Реестрі) іске қосылады. Бұл – отандық бизнестің реттелетін сатып алуларға және мемлекеттік қолдаудың мақсатты шараларына қол жеткізуі үшін міндетті құралға айналатын цифрлық платформа.
📋 «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, приоритетті негізде сатып алуларға қатысу және мемлекеттік қолдау алу тек осы Реестрге енген компанияларға ғана мүмкін болмақ.
🔸 Сатып...
Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған плац-концерт өтті
Астана қаласы “ЕХРО” ХКО AlemAI күмбезі астында ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрі мен рәсімдік бөлімшесінің даңқты қолбасшы, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған плац-концерті болды.
ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы қазақ халқының батыр ұлының есімін әрдайым есте ұстап, ардақтайды. Оның келбеті ҚР МКҚ жекелеген бағыттарының символикасына ерлік, батылдық пен Отанға адал қызмет...
Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне мониторинг жоспар — кестесі бекітілді
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департамент басшысының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №11-НҚ бұйрығымен 2026 жылға арналған квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің мониторинг жоспар - кестесі бекітілді.
Мониторинг объектілерінің тізіміне Жетісу облысының 41 квазимемлекеттік сектор субъектісі кірді. Аталған мониторинг 38 білім саласында, 2-сумен жабдықтау саласында, 1-сараптау саласына қатысты жүргізілетін болады.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің
Жетісу облысы...
Жетісуда алғашқы ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды
Жетісу облысында ерікті өрт сөндіру бекеті іске қосылды. Бұл - азаматтық қорғау жүйесін дамыту мен нығайтуға бағытталған ведомстволық «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасымен жергілікті бюджет қаражатына салынған алғашқы нысан, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жаңа өрт сөндіру бекеті Қаратал ауданы Алмалы ауылында орналасқан. Бекет Алмалы ауылы мен оған іргелес екі елді мекенге қызмет көрсетеді. Штатында 8 қызметкер бар, яғни...
«Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумы өтті
Қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың қауіпсіз өмір сүруі ең алдымен заң үстемдігіне, тәртіп пен жауапкершілікке тікелей байланысты. Құқықтық мәдениеті жоғары, саналы әрі белсенді жас ұрпақ - әділетті қоғамның негізгі тірегі. Осы мақсатта «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында Жетісу облысында «Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумы өткізілді. Аталған форум жастар мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогты нығайтуға, құқықтық сауаттылықты...
Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 11%-ға артты
Жетісу облысында Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңірдегі аграрлық сала мамандарын марапаттап, облыстың үздік ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жаңа тракторлар табыс етті. Атап өтсек, биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы өнім көлемі 2 млн тоннаға жетті. Сонымен қатар өткен жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 11%-ға өсіп, 90 млрд теңге болды, –...
Жетісу облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Жетекші журналистер мен сарапшылар тобының 30 жылдық мерейтойды қорытындылау бойынша отырыс өтті
Жетісу облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Жетекші журналистер мен сарапшылар тобының 30 жылдық мерейтойын қорытындылауға арналған маңызды отырыс өтті.
Жиынға өңірдің жетекші журналистері, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысып, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту мәселелерін кеңінен талқылады.
✅Отырысты Жетекші журналистер мен сарапшылар тобының төрағасы, модератор Атсалим Саламович Идигов жүргізді. Ол өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық тарихы елдегі...
Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде жұмыс істейтін ШОБ-ты қолдау: Үкімет «Өрлеу» бағдарламасы бойынша қаржыландыру критерийлерін кеңейтуде
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде жұмыс істейтін ШОБ-ты қолдаудың қосымша салықтық емес шараларын әзірлеуді тапсырды.
«Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде жұмыс істейтін шағын және орта бизнесті қолдаудың қосымша салықтық емес шараларын әзірлесін.
«Өрлеу» бағдарламасы аясында қаржыландыру критерийлерін кеңейту тиімді тетіктердің бірі болады»,
— деді Премьер-министр.
Бизнесті шығыстарды шегеруге тыйым салу мәселесі алаңдатып отыр: Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, шағын бизнес үшін салық есептілігін автоматты түрде толтыруды қамтамасыз етеді
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, салықтық әкімшілендірудің сервистік моделін енгізудің маңыздылығын атап өтті.
«Бизнесті оңайлатылған декларация режимін қолданатын жеткізушілермен жұмыс кезінде шығыстарды шегеруге тыйым салу мәселесі алаңдатып отыр. Бұл – шамамен 400 мың шағын және микробизнес өкілінің мүддесіне қатысты.
Аталған санаттағы кәсіпкерлер өз кәсібінің болашағына алаңдамауы тиіс.
Қаржы министрлігі салықтық әкімшілендірудің сервистік моделін енгізіп, тиісті түсіндіру жұмыстарын...
Олжас Бектенов «Іскер аймақ» бағдарламасы туралы: шағын бизнестің өндірістік инфрақұрылымға және үй-жайларды жеңілдікпен жалға алуына қол жеткізуін қамтамасыз ету қажет
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов шағын бизнесті қолдаудың және кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктерді кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
«Шағын бизнестің өндірістік инфрақұрылымға қолжетімділігін қамтамасыз етіп, үй-жайларды жеңілдікпен жалға алуына мүмкіндік жасаған жөн. Сонымен қатар шағын бизнесті қолдаудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу маңызды іс екенін атап өткім келеді»,
— деді Олжас Бектенов.
Мәселен, Алматы қаласында кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында биыл жергілікті бюджеттен шағын және орта бизнесті...





























