Жетісу облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Жетекші журналистер мен сарапшылар тобының 30 жылдық мерейтойды қорытындылау бойынша отырыс өтті

4

Жетісу облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Жетекші журналистер мен сарапшылар тобының 30 жылдық мерейтойын қорытындылауға арналған маңызды отырыс өтті.
Жиынға өңірдің жетекші журналистері, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысып, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту мәселелерін кеңінен талқылады.
✅Отырысты Жетекші журналистер мен сарапшылар тобының төрағасы, модератор Атсалим Саламович Идигов жүргізді. Ол өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық тарихы елдегі тұрақтылық пен келісімнің берік іргетасына айналғанын атап өтіп, журналистер мен сарапшылар тобының осы үдерістегі рөліне ерекше тоқталды. Сонымен қатар, топ мүшелерінің өңірлік деңгейде мемлекеттік саясатты ақпараттық сүйемелдеу, этносаралық татулық пен толеранттылық құндылықтарын насихаттау бағытында атқарған еңбегі жоғары бағаланды.
Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойы аясында Жетісу облысында жүзеге асырылған жүйелі жұмыстарға жан-жақты талдау жасалды. Қатысушылар қоғамдық келісімді нығайтудағы бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалына, журналистік сараптаманың маңыздылығына және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау жолындағы жауапкершілігіне назар аударды.

‼️Отырыс аясында Жетекші журналистер мен сарапшылар тобының соңғы жылдардағы қызметінің қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалды. Атап айтқанда, қоғамдық келісім мен этносаралық қатынастар саласындағы сараптамалық материалдардың сапасын арттыру, өңірлік медиакеңістікте бірлік пен өзара құрмет құндылықтарын ілгерілету, сондай-ақ жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңейту қажеттілігі атап өтілді.
Іс-шара соңында қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық тарихи жолы ел бірлігінің, бейбітшілік пен тұрақтылықтың айқын үлгісі екенін атап өтіп, алдағы уақытта да қоғамдық келісімді сақтау және нығайту жолында бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.
Айта кету керек, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өңірде қоғамдық келісімді нығайту, этносаралық татулық пен бірлікті ілгерілету бағытында жүйелі ақпараттық-имидждік жұмыстар жүргізіп келеді. Мекеменің ресми әлеуметтік желідегі парақшаларында (Instagram, Facebook, Telegram, TikTok) барлығы 6030 жарияланым орналастырылып, атқарылған іс-шаралар мен өзекті тақырыптар аясында 297 бейнематериал облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілген. Сонымен қатар, 58 мақала аудандық және жергілікті мерзімді басылымдарда жарық көрді. Бұл көрсеткіштер мекеменің ақпараттық кеңістіктегі белсенділігін және қоғаммен тиімді кері байланыс орната алғанын айқын көрсетеді.
Сонымен қатар, Жетісу облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Жетекші журналистер мен сарапшылар клубы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында тұрақты түрде қызмет атқарып келеді. Қазіргі таңда клуб құрамында 15 журналист, 3 блогер және 7 сарапшы бар. Олар өңірдегі қоғамдық-саяси үдерістерге сараптамалық көзқарас қалыптастырып, ел бірлігін нығайтуға бағытталған ақпараттық жұмыстың алдыңғы шебінде еңбек етуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз