“Көксу” шекара бөлімшесінде профилактикалық кездесу өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің “Көксу” шекара бөлімшесінің жеке құрамымен Сарыөзек әскери тергеу бөлімінің тергеушісі капитан Х.Ысқақ “Қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу” тақырыбында кездесу өткізді.
Іс-шара барысында әскери қызметшілерге қылмыстық құқық бұзушылық түрлері, олардың салдары мен жауапкершілік шаралары туралы кеңінен түсіндіріп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған нақты мысалдар келтірді. Сонымен қатар қызметтік тәртіпті сақтау, жеке құрам арасындағы әдеп...
Жетісулық сарбаз – үздік радиотелефоншылар қатарында
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «Жетісу» шекара бөлімшесінде әскери борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер Елнұр Қанат үлгілі қызметімен ерекше көзге түсіп келеді.
Ол Алматы облысы, Ұзынағаш ауылының тумасы. Елнұр мектепте озат оқып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан, мектеп парламентінің президенті болған. Оқумен қатар спортты қатар алып жүрген ол бокстан республикалық және халықаралық...
Басқарма күні аталып өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының құрылған күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шараға басқарма басшылығы, әскери қызметшілер, ардагерлер мен шақырылған қонақтар қатысты. Мерекелік жиында басқарманың тарихы мен жеткен жетістіктері атап өтіліп, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы ерекше қызметтері ерекше құрметпен айтылды.
Бұл күн – «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының ел қауіпсіздігін қорғаудағы жауапты қызметінің мән-маңызын...
Үздік шекаралық бақылаушы анықталды
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы «Нұр жолы» жолаушылар және жүк бағыттары бойынша бақылау бөлімінде бақылаушылары арасында «Үздік шекаралық бақылау маманы» атағына арналған кәсіби сайыс өтті.
Сайыс әскери қызметшілердің кәсіби шеберлігін жетілдірумен қатар, бөлімшелер арасындағы ынтымақтастықты арттырып, қызметке деген жауапкершілік пен бәсекелестік рухын қалыптастыруға бағытталды. Сайыс қорытындысы бойынша үздік шыққан қатысушылар арнайы марапатталып,...
Мамандарға арналған «Базалық курс» өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасында шекаралық бақылау бөлімшелерінің әскери қызметшілері үшін арнайы «Базалық курс» бағдарламасы бойынша оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды.
Курстың басты мақсаты - шекаралық бақылау бөлімшелерінде қызмет атқаратын әскери қызметшілерді басқарманың тыныс-тіршілігімен таныстыру, кәсіби даярлық деңгейін арттыру және бөлімшелер арасындағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру. Оқу-жаттығу жиыны әскери қызметшілердің кәсіби машығын жетілдіріп, шекара қауіпсіздігін...
«Үздік шекара бақылаушысы» анықталды
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінде "Үздік шекаралық бақылау маманы" атағын анықтауға арналған сайысы өтті. Сайысқа барлығы бес әскери қызметші қатысты. Олардың төртеуі – «Қорғас" шекаралық бақылау басқармасынан, біреуі – Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасынан болды. Қатысушылар шекаралық бақылау, құжат тексеру, заңсыз өткізу әрекеттерін анықтау және кәсіби дағдылар бойынша сыннан өтті.
Байқау нәтижесінде: І орын "Нұр жолы" өткізу...
Грант конкурсының нәтижелерін қайдан көруге болады?
Талапкерлер мен олардың ата-аналары мемлекеттік грант конкурсының қорытындысын асыға күтеді. Бұл маңызды кезеңде оқырмандардан «Грант конкурсының нәтижелерін қайдан көруге болады?» деген сұрақ жиі қойылады.
Сіздерге 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланатын сенімді әрі негізгі дереккөздерді ұсынамыз:
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің ресми парақшалары:✅ https://t.me/SayasatNurbek✅ https://www.facebook.com/sayasat✅ https://www.instagram.com/sayasatnurbek/✅ https://sayasatnurbek.com/
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпарат көздері:✅ https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk✅ https://t.me/gylym_jogary_bilim✅ https://www.facebook.com/gylym.jogarybilim✅ https://www.instagram.com/gylym_jogarybilim/
Ұлттық тестілеу орталығының ресми парақшалары:✅ https://t.me/uto92✅ https://www.instagram.com/testcenterkz/✅ https://www.facebook.com/testcenterkz.
Грант иегерлерінің...
Жетісуда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мурал салынды
Жетісу облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арнап мурал салынды. Талдықорған қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінің қабырғасына салынған бұл сурет Ассамблеяның ел бірлігін, татулық пен тұрақтылықты сақтаудағы рөлін айшықтап тұр.
Бұл теңдессіз арт-нысан – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған, еліміздегі этностардың татулығын, достығын және мәдени ортасын бейнелейтін ерекше көркем туынды. Суретте түрлі этнос өкілдері, ұлттық ою-өрнек, достықты білдіретін...
Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясының ашылу салтанатына дейін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі өтті.
- Басқосуда аймақ елдері ынтымақтастығының басым бағыттары талқыланды, - делінген хабарламада.
Кәсіпкерлер назарына: тілдік нормалардың сақталуына бақылау күшейтілді
Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру мақсатында бизнес өкілдерінің көрнекі ақпараттарына, оның ішінде жарнама, хабарландыру, ас мәзірі, баға көрсеткіштеріне мониторинг жүргізіліп, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңның талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізілмек. Бұл туралы Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз мәслихатында Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Ермек Ақшабаев мәлімдеді.
Бүгінде Талдықорған қаласында 220 кәсіпорынға тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 113 заңбұзушылық...





























