14.4 C
Taldykorgan, KZ
Среда, 22 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 108

Елімізде қонақ үйлерді классификациялау жүйесі жаңартылады

2025 жылы ҚР Туризм және спорт министрлігі қонақ үй қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған қонақ үйлерді классификациялау жүйесін жаңарту жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2025 жылды қорытындылау барысында мәлімдеді. Министрдің айтуынша, бұрын қолданыста болған талаптар өзектілігін жоғалтып, қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келмейді. Осыған байланысты жаңа ережелер жобасы қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінде қаралуда. «Жаңартылған жүйе қонақ үй...

2025 жылы қазақстандық спортшылар халықаралық аренада 50-ден астам тарихи жетістікке қол жеткізді

2025 жылы Қазақстан ірі халықаралық спорттық жарыстар өтетін алаңға айналды. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2025 жылды қорытындылау барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл шорт-тректен ұлттық құрама Азия ойындарындағы алғашқы алтын жүлдені жеңіп алса, фристайл-акробатика мен семсерлесу спорт түрлерінен тұңғыш медаль бұйырды. Сонымен қатар дзюдо, бокс, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, садақ ату және парабиатлон бойынша жоғары нәтижелер тіркелді....

174 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  тапсырмасына сәйкес, Агенттіктің Жетісу облысы бойынша департаментімен мемлекеттік органдардың қызметшілеріне еңбек демалысын беру мен іссапар шығындарын төлеу талаптарының және мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің сыйақы алу кезіндегі құқықтарының сақталуына тұрақты түрде талдау жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысымен бекiтiлген Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды...

Департамент 645 қызмет алушының құқықтарын қалпына келтірді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және халыққа көрсетілетін қызметтердің заңдылығын бақылау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. 2025 жылдың басынан бері жүргізілген қашықтан бақылау мен жоспарлы тексерулердің нәтижесінде 645 азаматтың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Анықталған заң бұзушылықтар негізінен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің сақталмауына, артық құжат талап етуге, сондай-ақ қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына...

Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Биыл «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсының ережелері өзгерді. Үміткерлер үш кезеңнен тұратын іріктеуден өтеді: кешенді тестілеу, сұхбат және Республикалық комиссияның ең жоғары ұпай жинаған қатысушыларды іріктеуі. Сондай-ақ бір күнтізбелік жыл ішінде конкурсқа қайта қатысуға болады. Бұл әлеуетті үміткерлер қатарын көбейтіп, олардың бағдарламада бағын сынап көруіне қосымша мүмкіндік...

Жылды ел шынайы сезінген айшықты 10 көрсеткішпен қорытындыласақ

Биылғы 11 айда 16,9 млн м² тұрғын үй пайдалануға берілді. 2025 жылдың соңына қарай жалпы көлемі 19,1 млн м2 тұрғын үй тапсырылады деп күтілуде. Мыңдаған отбасы жаңа баспанасында қоныс тойын тойлады. Еліміздің барлық өңірінде құрылыс қарқынды дамып келеді.   🔹 Елімізде бой көтерген денсаулық сақтау нысандарының саны: 219 Медицинаға қолжетімділік арта түсті: еліміздің көптеген аулында жаңа медициналық пункттер пайда болды. Дәрігер тапшылығы 19%-ға...

Әскери ұшқыштар оқу-жаттығу ұшуларын даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлына арнады

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери авиациялық базаларында қазақ халқының ұлы перзенті, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай ауқымды оқу-жаттығу ұшулары өтті. Іс-шараның басты ерекшелігі – Әуе қорғанысы күштерінің әуе кемелерінің Астана, Тараз, Балқаш, Жетіген, Қарағанды, Шымкент, Талдықорған және Ақтау қалаларындағы әскери әуеайлақтардан бір мезгілде көкке көтерілуі болды. Ұшуларға С-295, Су-30СМ, Су-27, Л-39С ұшақтары, Ми-17, Ми-35, Ми-171...

Ғажайыпқа толған Жаңа жыл: Жетісуда Президенттік шыршада жасанды интеллект балаларды қуантты

Бүгін Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында «Ғажайыпқа толған Жаңа жыл!» атты Президенттік шырша өтті. Жаңа жыл қарсаңындағы мерекелік шараға өңірдің түкпір-түкпірінен келген 200 бала қатысты. Балалар үшін ертегі кейіпкерлерінің, аниматорлардың, цирк әртістері мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен әсерлі шоу-бағдарлама ұйымдастырылды. Ерекше кейіпкерлердің бірі ретінде жасанды интеллектің көмегімен басқарылатын роботты атап өтуге болады. Сондай-ақ түрлі ойындар, байқаулар мен сайыстар өткізілді. Балаларды...

Серік Жарасбаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен барды

Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев жұмыс сапары аясында Жетісу облысына барды. Сапар барысында министрдің орынбасары өңір тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиында спорт және туризм саласын дамыту, спорт инфрақұрылымының қолжетімділігі, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ халықтың ұсыныстары мен бастамалары талқыланды. Сапар барысында Серік Жарасбаев өңірдегі негізгі спорт нысандарымен танысты. Атап айтқанда, волейбол бойынша оқу-жаттығу спорт кешенін аралап, спортшыларды дайындау жағдайын...

Астықты терең өңдеу: инвестициялық жобалар портфелі $2,6 млрд-қа жетті

Қазақстан астықты терең өңдеуді дамытуға баса назар аударуда. Ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлары туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкіметтің бір жылдық қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында айтты. Саланы 2028 жылға дейін кеңейту үшін жалпы қуаттылығы жылына 4,8 млн тонна бидай мен жүгеріні өңдейтін 5 ірі жобаны іске қосу жоспарланған. Инвестиция көлемі $2,6 млрд-ты құрайды. «Өнім ассортиментін аминқышқылдары, сироптар, дәрумендер...