14.4 C
Taldykorgan, KZ
Среда, 22 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 106

Жыл қорытындысы: Жетісуда 381 шақырымнан астам жергілікті жол жөнделді

Биыл Жетісу облысында жергілікті маңызы бар 381,7 км жол жөнделді, соның 152,2 км облыстық, 229,5 км 54 елді мекендегі ауылішілік жолдар. Соның нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 95% жетті, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Соңғы 3 жылда өңірдегі 188 елді мекеннің ауылішілік көшелері жөнделді. Сонымен қатар республикалық маңызы бар жолдар толық жаңартылды. Атап айтқанда, «Талдықорған...

Жаңа стандарт және жаңа шешімдер: Қазақстанда жолдарда тұздың орнына не қолданылады

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 238-бабының 9-тармағына сәйкес, топыраққа, жасыл желекке және қалалық экожүйеге тигізетін теріс әсеріне байланысты елді мекендер аумағында қысқы тайғаққа қарсы күресте ас тұзын қолдануға тыйым салынады. Осыған байланысты қыс мезгілінде жолдар мен тротуарларды қандай материалдармен өңдеу керектігі және тұзға қандай баламалар практикада қолжетімді екені барған сайын өзекті бола түсуде. Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының («ҚазжолҒЗИ») мамандары атап өткендей,...

Жаңа оқу жылынан бастап барлық мектептер мен колледждерде буллингке қарсы «ДосболLike» бағдарламасы іске қосылды: Президент тапсырмасы бойынша балалардың құқықтарын қорғаудың жаңа стандарттары енгізілуде

Қазақстанның білім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыруға және оқушыларды психологиялық қолдауға қойылатын жаңартылған талаптар енгізілді. Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз-конференциясында ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова хабарлады. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әр мектепте қауіпсіз орта құруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. «2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру ұйымдарында жаңа тамақтану стандарты енгізілді. Мектептерде 1,7 млн бала тегін тамақтанумен қамтылды....

Президент тапсырмаларын орындау: Елімізде 10 мыңнан астам орынға арналған жатақханалар іске қосылады

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Үкіметтің жылдық жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесін шешу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылы студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 10 740 орындық 31 жатақхананы іске қосу жоспарланған. Жыл басынан бері 8 757 орынға арналған 26 жатақхана пайдалануға берілгені атап өтілді. Жыл соңына дейін 1...

Үш ауысымды мектептерді жою: Президент тапсырмасы бойынша жаңа форматтағы 141 оқу орны пайдалануға берілді

Қазақстанда жайлы оқу ортасын құру үшін білім беру инфрақұрылымын кең ауқымда жаңарту жалғасуда. Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз-конференциясында ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі М.Мелдебекова хабарлады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының бастамасымен апатты және оқушы саны көп мектептер мәселесін шешуге бағытталған «Келешек мектебі» жобасы жүзеге асырылуда. «Мемлекет басшысының бастамасымен "Келешек мектептері" ұлттық жобасы табысты жүзеге асырылды. Оның аясында еліміздің түкпір-түкпірінде 460,4 мың орындық...

Кезек 2 есеге қысқарды: Президент тапсырмасы бойынша балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру ауқымы кеңейтілді

Қазақстанда «Ақша балаға беріледі» қағидаты негізінде мектепке дейінгі ұйымдарда орындар бөлудің жаңа механизмі енгізілді. Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз-конференциясында ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова хабарлады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес пилоттық жоба 20 қала, 16 ауданда жүзеге асырылып жатыр. «Биыл «Ақша балаға беріледі» қағидаты негізінде ваучерлік қаржыландыру механизмін өңірлерде кеңінен тарату арқылы балабақшаларға кезек саны 2 есеге дейін азайды. Пилоттық...

Жыл қорытындысы: Жетісуда газ тартылған елді мекендер саны 126 елді мекенге жетті

Биыл Жетісу облысында газдандыру деңгейі 72%-ға жетіп, газ тартылған елді мекендер саны 126 елді мекенге жетті, онда шамамен 500 мыңнан астам халық тұрады , - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Биыл «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды. Атап айтқанда, 302 шақырым болатын магистралды құбыр төселіп, 6 автоматтандырылған газ тарату станциясы салынды. Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының шамамен 152 мыңнан...

МӘМС-ТЕГІ ЖЕҢІЛДІКТІ КЕЗЕҢДІ 6 АЙҒА ДЕЙІН ҰЗАРТУ

2026 жылдан бастап МӘМС жарналарын бес жыл ішінде өз бетінше және үзіліссіз төлеген азаматтар үшін төлемдер уақытша болмаған кезде сақтандырылған тұлға мәртебесін сақтаудың жеңілдікті кезеңін алты айға дейін ұзарту көзделген. Бұрын бұл кезең үш ай болатын. Бұл шара халықты МӘМС жүйесімен барынша қамтуға және уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған азаматтарды қолдауға бағытталған. Маңызды: өткізіп алған кезеңдер үшін мәртебесін жоғалтпау үшін...

СКРИНИНГТЕР МӘМС ЖОҚ БАРЛЫҚ АЗАМАТТАР ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ

2026 жылғы қаңтардан бастап медициналық көмектің бірыңғай пакетіне кезең-кезеңімен көшу басталады, ол: қызметтердің қайталануын қоспағанда, ТМККК мен МӘМС-ті нақты ажырату; аурулардың ерте профилактикасының қолжетімділігін арттыру; әлеуметтік мәні бар ауруларды ерте анықтау бойынша кепілдіктерді кеңейту; ресурстарды қайта бөлудің есебінен жүйенің қаржылық тұрақтылығы; денсаулық сақтаудың толыққанды сақтандыру моделіне жақындау. Медициналық көмектің бірыңғай пакеті шеңберінде онкологиялық ауруларды, артериялық гипертензияны, жүректің ишемиялық ауруын, глаукоманы және қант диабетін ертерек анықтауға...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МӘМС БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР КҮШІНЕ ЕНЕДІ: ОЛАР ПАЦИЕНТТЕР ҮШІН НЕНІ БІЛДІРЕДІ?

Диагностика саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді кеңейту, халықты медициналық сақтандырумен қамтуды ұлғайту және жүйенің қаржылық тұрақтылығын нығайту - өзгерістердің негізгі бағыттары осындай. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда медициналық көмектің бірыңғай пакетін кезең-кезеңімен енгізу басталады. Өзгерістер 2025 жылғы 14 шілдеде Мемлекет басшысы қол қойған заңға сәйкес іске асырылады және денсаулық сақтаудағы базалық мемлекеттік кепілдіктерді іске асыруға, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, барлық қатысушылардың...