Мемлекет басшысы архив ісі туралы заңға қол қойды
Заң архив ісі саласындағы заңнаманы жетілдіруге, мемлекеттік архивтердің мәртебесі мен қызмет тиімділігін арттыруға, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған кешенді әрі жүйелі нормаларды айқындайды. Бұл құжат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылға арналған заң шығару жұмысының жоспарын орындау, Мемлекет басшысының 2024 жылғы 15 наурызда Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында, сондай-ақ қоғам сұранысына байланысты әзірленді.
Архив ісі мен құжаттаманы басқарудың қолданыстағы...
Жаңа жыл – жаңа пәтерде: Жетісу облысының тұрғындары қоныстойын тойлады
Жаңа жыл қарсаңында Жетісу облысының Талдықорған қаласында 60 пәтерлі тұрғын үй қолданысқа берілді. Жаңа қоныс иелерін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл құттықтады. Соңғы үш жылда Жетісу облысында мемлекеттік тұрғын үй қорынан 13 500-дей отбасы баспаналы болса, оның 5 мыңға жуығы - Талдықорған қаласының тұрғындары. Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыс орталығында тұрғын үй кезегі 9% қысқарды, – деп хабарлайды Жетісу облысы...
Маңызды жұмыс бағыттарының бірі – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру
2025 жылы Президент Әкімшілігіне 82,5 мың өтініш келіп түсті. Бүгінде азаматтардың талап-тілегін сапалы қарау үшін eOtinish жүйесінде толық цифрлық инфрақұрылым жасақталды. Оған 50 мың ұйым және 320 мың қызметкер қосылды.
🟦Өтініштерді қарау үдерісі ұдайы жетілдіріліп отырады: жасанды интеллект элементтері енгізіліп, АҚШ, Оңтүстік Корея және Сингапур секілді озық елдердің цифрлық үкімет тәжірибесі зерделенуде.
🟦Диалог офлайн-форматта да жүреді. Өңірлерде азаматтардан өтініш қабылдайтын 150-ден...
Қазақстан халықаралық диалогтың белсенді алаңына айналды. 2025 жылы шет мемлекеттердің басшылары Қазақстанға 30 рет cапармен келді
Олардың арасында ҚХР, Италия (екі рет), Грузия, Өзбекстан, Словения, Вьетнам, БАӘ, Руанда, Солтүстік Македония, Болгария, Словакия, Иордания, Конго Демократиялық Республикасы, Мьянма, Мажарстан, Әзербайжан, Финляндия, Эстония, Армения, Түрікменстан, Швейцария және Иран елдерінің мемлекет және үкімет басшылары бар.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев өзге де президенттермен 43 мәрте телефон арқылы сөйлесті. Бұдан бөлек, 4 ресми рәсім барысында 30 мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады.
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан
Бір жыл ішінде Мемлекет басшысы 23 рет шетелге шықты.
✔️Оның ішінде Ресейге және Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. ҚХР, Иордания, Түркия, Қырғызстан және Жапония секілді елдерге 5 ресми сапар ұйымдастырылды. Ресей (екі рет), АҚШ (екі рет), Түрікменстан (екі рет), БАӘ, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан және Қырғызстан сияқты мемлекеттерге 16 мәрте жұмыс сапарымен барды.
Цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту
Президент биылғы Жолдауында Қазақстанды алдағы үш жылдың ішінде толық цифрлық мемлекетке айналдыру жөнінде стратегиялық міндет қойған еді.
🟦Еліміздің цифрлық экожүйесін қалыптастыру аясында Президент тапсырмасымен қыруар шаруа атқарылды.
🟦«Жасанды интеллект туралы» Заңның қабылдануы – аталған саладағы жаңалықтың бірі. Осылайша, Қазақстан ЖИ саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге заң жүзінде негіз қалаған әлемдегі алғашқы елдердің қатарына енді.
🟦Аталған саладағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мақсатында Жасанды интеллект және...
Отандық агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін нығайту
Аграрлық саланы дамыту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтарының бірі. Президент атап өткендей, «Ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне ауыл-аймақтарды, яғни бүкіл елді дамыту деп қараған жөн».
🟦Мемлекет басшысы қараша айында өткен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің ІІ форумында мал шаруашылығын дамыту, ауылшаруашылық жерлерін оңтайлы пайдалану, судың тиімділігін арттыру, ирригациялық жүйелерді жаңғырту, агроөнеркәсіпті қаржыландыру тәсілдерін жетілдіру, саланы цифрландыру, өнімді терең өңдеу секілді бірқатар негізгі міндеттерді...
Еліміздің көлік-логистика әлеуетін дамыту
Мемлекет басшысы Қазақстанның көлік-логистика әлеуетін кеңейтіп, елімізді Еуразиядағы ірі транзит хабына айналдыруға жіті мән береді.
✔️2025 жылы 13 мың шақырым автокөлік жолын салу және жөндеу жұмыстары басталды. Жаңа жолдардың ұзындығы – 1,9 мың шақырым.
✔️Стратегиялық тұрғыдан маңызды күрежолдар қатарында Орталық – Батыс автомагистралы, Қарағанды – Жезқазған, Ақтөбе – Ұлғайсын, Атырау – Доссор учаскелері бар.
✔️Мемлекет басшысының тапсырмасымен Зайсан, Катонқарағай және Кендірліде үш...
Биыл Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясат бағытындағы қызметі өте қауырт әрі жемісті өтті
🟦2025 жыл елеулі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыруларға толы болды. Ең бастысы, халықтың тұрмыс-тіршілігінде оң өзгерістер орын алды. Жаңа өндіріс орындары ашылып, қамба астыққа толды. Тұрғын үйлер, мектептер мен ауруханалар салынып, көлік жолдары жаңартылды.
🟦Қасым-Жомарт Тоқаев биыл еліміздің 9 өңіріне жұмыс сапарымен барып, 50-ден астам өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени нысанды аралап көрді.
🟦Сондай-ақ Президент 16 облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерінің есебін...
Жетісу облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған қорытынды жиын өтті
Талдықорған қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған қорытынды жиын өтті. Іс-шара аясында «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты тарихи кітаптың салтанатты тұсаукесері және «Оқылмаған хаттар» көркем фильмінің премьерасы өтті.
Мерекелік жиынға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жергілікті зиялы қауым мен қоғам белсенділері қатысты. Іс-шара қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды алаңға...





























