Жетісуда қызметтік иттердің көмегімен 180 қылмыс ашылды
2025 жылы кинологиялық қызмет қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне айрықша үлес қосты, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Қызметтік иттер полиция үшін есірткі қылмысына қарсы күресте, жарылғыш заттарды анықтауда және қылмыскерлерді ізін суытпай ұстауда сенімді әрі таптырмас көмекшіге айналды.
Жыл бойы кинолог мамандар өздерінің қызметтік иттерімен бірге шамамен 1,5 мың жедел-іздестіру іс-шарасына қатысты. Бұл ретте есірткінің заңсыз...
Импорттан өндіріске: халықаралық корпорациялар бизнесін Қазақстанда локализациялауда
Ұзақ уақыт бойы әлемдік аренада Қазақстан өндіруші секторға, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларға және транзитке баса ден қойған экономика ретінде қабылданып келгені рас. Бірақ 2020 жылдардың басынан бұл көзқарас өзгере бастады: көптеген халықаралық корпорациялар елге өткізу нарығы ретінде қарағанды қойып, өз өндірістерін осында орналастыруға көшті, жергілікті жеткізушілерді қолдай отыра, шығаратын өнім көлемін көбейтті. Нәтижесінде бұл ел біртіндеп экспортқа деген нақты амбициясы...
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ
– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге ауқымды сұхбат беру арқылы белгілі бір саяси дәстүр қалыптастырдыңыз деуге болады. Осы орайда «Turkistan» газетінің ұсынысын қабыл алғаныңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз.
– «Turkistan» газеті 30 жылдан бері тұрақты шығып келеді. Бұл – Қазақстандағы ең ықпалды басылымның бірі. Газеттің атауында да өте үлкен мән-мағына бар. Басылым тілшілері ел ішіндегі өзекті мәселелермен қатар,...
WhatsApp-ты бұзып кірусіз және ізсіз «үнсіз басып алу»
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасыҚұқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы «WhatsApp» мессенджеріне қатысты жаңа киберқатер туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметіне сәйкес кибералаяқтар «WhatsApp» аккаунттарын басып алудың жаңа қылмыстық схемасын қолдануда. Бұл әдіс «GhostPairing» деп аталады және парольдерді бұзуды, SIM-карталарды ауыстыруды немесе күрделі техникалық шабуылдарды қажет етпейді. Алаяқтар «WhatsApp»-қа заңды түрде, қосымша...
Жаңа жыл қарсаңында Жетісудың ауылдарында үш жаңа әлеуметтік нысан қолданысқа берілді
Жетісу облысында Жаңа жыл қарсаңында ауылдық жерлерде бірден үш заманауи әлеуметтік нысан іске қосылды. Атап айтқанда, жаңа дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі және бокс залы бар спорт кешені пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алакөл ауданының Көлбай ауылында бір ауысымда 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория өз жұмысын бастады. Бұл ауылда шамамен 1600 адам тұрады. Бұған дейін бейімделген...
Қазақстанда мобильді алаяқтыққа қарсы шаралар күшейтілуде
Қазақстанда азаматтарды мобильді және интернет-алаяқтықтан қорғауға бағытталған жаңа тетіктер енгізілуде. Қабылданып жатқан шаралар байланыс саласындағы қауіпсіздікті арттырып, алаяқтық әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді.
Негізгі жаңашылдықтардың бірі – ұялы байланыс операторларының Ұлттық Банктің Антифрод-орталығымен тұрақты өзара іс-қимылы. Бұл алаяқтық мақсатта пайдаланылатын телефон нөмірлерін дер кезінде анықтап, жедел бұғаттауға жол ашады. Күдікті қоңыраулар мен хабарламалар тіркелген жағдайда, операторлар абонент туралы мәліметтерді Антифрод-орталыққа...
Оқу мәдениеті жоғары елдер жаһандық дамудың алғы шебінде болады – Президент
– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге ауқымды сұхбат беру арқылы белгілі бір саяси дәстүр қалыптастырдыңыз деуге болады. Осы орайда, «Turkistan» газетінің ұсынысын қабыл алғаныңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз.
– «Turkistan» газеті 30 жылдан бері тұрақты шығып келеді. Бұл – Қазақстандағы ең ықпалды басылымның бірі. Газеттің атауында да өте үлкен мән-мағына бар. Басылым тілшілері ел ішіндегі өзекті мәселелермен қатар,...
Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар мөлшері ұлғайтылды
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың, базалық және ынтымақты зейнетақылардың барлық түрлерінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10%-ға ұлғайтылды.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғарғысын 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылуда.
Мәселен, 2026 жылғы 1...
Астанада мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия тапсырылды
Астана қаласында мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны табыстау рәсімі өтті. Стипендияны Мемлекет басшысының атынан Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыс етті.
Әдебиет пен өнер саласындағы Президенттік стипендия отандық мәдениетті дамытуға елеулі үлес қосқан тұлғаларға беріледі. Мемлекеттік стипендия тағайындалғаннан бері Қазақстан руханияты мен өнеріне еңбегі сіңген азаматтар марапатталды. Биыл 75 адам мемлекеттік қолдауға ие болды. Стипендиаттар...




























