ДӘСТҮРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТПЕН ҚАРАУ — БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ НЕГІЗІ
Жетісу облысының әкімі
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың
Рождествомен құттықтауы
Құрметті жетісулықтар!
Өңірдегі православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!
Қоғамды ұйыстыра түсетін бұл жарқын мереке азаматтарды толерантты болуға үндеп, мейірім, бейбітшілік, түсіністік сияқты мәңгілік құндылықтарды паш етеді.
Біздің көпконфессиялы өңірімізде дәстүрлерге құрметпен қарау, өзара сенімде өмір сүру бірлік пен келісімнің негізі болып отыр. Қоғамда бір-біріне қолдау көрсету, ортақ ұмтылыстар өз кезегінде өңірдің табысты дамуын қамтамасыз етеді...
Жетісу облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын мониторингілеу күшейтілуде
Жетісу облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға бағытталған шаралар тұрақты атқарылуда. Аталған тауарлар бағасын мемлекеттік бақылау мақсатында Жетісу облысы бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Комиссияның құрамында сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік кірістер, экономикалық тергеп-тексеру, статистика, бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменттерінің, сондай-ақ кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы басқармаларының, «Жетісу» ӘКК-нің және аудан-қала әкімдіктерінің өкілдері бар. Бұл...
Мемлекет басшысы Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен жұмыс кеңесін өткізді.
Ерлан Қарин Мемлекет басшысына Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы қызметінің аралық нәтижелері туралы мәлімет берді.
Мәселен, e-Otinish мемлекеттік платформасы мен Egov сервисінің «Парламенттік реформа» арнайы бөлімі іске қосылғаннан бері 500-ге жуық ұсыныс келіп түскен. Халық арасынан, сарапшылардан және қоғамдық ұйымдардан жолданған ұсыныстар мен...
ІІМ: 85 миллионнан астам алаяқтық қоңыраудың жолы кесілді
Полиция 2025 жылы байланыс операторларымен бірлесіп, 19 миллионнан астам жалған қоңырауды бұғаттады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жалпы саны 85 миллионнан астам алаяқтық қоңыраудың жолы кесілді. Қылмыстық топтарды құру және басқару фактілері бойынша алты қылмыстық іс қозғалса, олардың біреуі трансұлттық сипатқа ие. Сонымен қатар қабылданған техникалық шаралардың нәтижесінде қылмыскерлер пайдаланған 100 мыңнан астам SIM-карта және 88 SIM-box құрылғысы тәркіленді. Өткен жылы...
Талдықорған қаласында нашақорлықтың алдын алу акциясы ұйымдастырылды
Талдықорған қаласында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған кең көлемді «Нашақорлыққа жол жоқ» атты антиграффити акциясы өтті. Акцияның негізгі мақсаты жастарды зиянды ақпарат көздерінен қорғау, қоғамдық орындарда құқыққа қайшы насихаттың алдын алу және тұрғындар арасында салауатты өмір салтын кеңінен дәріптеу болды.
Шара барысында қала аумағында нашақорлықты насихаттайтын граффити жазулар мен түрлі штрих-кодтар анықталып, оларды жою жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ жастармен, оқушылар және студенттермен...
Жетісудағы қауіпсіздік: 1200-ден астам камера тәртіпті түзеді
Жетісу облысында қоғамдық қауіпсіздік цифрлық бақылау арқылы күшейтілуде, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгінде өңірде тәртіпті күзетудің жаңа кезеңі басталды. Облыс аумағында 1293 бейнебақылау камерасы үзіліссіз жұмыс істеп тұр. Бұл техникалар жай ғана жазу құрылғысы емес, қылмыстың алдын алу мен оқиға орынына жедел жетудің басты құралына айналды. Мәселен, өткен 2025 жылдың 12 айында полицияның «102» арнасына 168...




























