Ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап өрт қауіпсіздігі айлығы өткізіліп, онда профилактикалық іс-шаралар, халықтың әлеуметтік осал топтарының отбасылары және жеке тұрғын үйлердің жалпы аралауы қамтылды. Бүгінгі таңда 404 улы газ анықтағыш датчиктері орнатылған. Бұл ауадағы көміртегі тотығының қауіпті концентрациясын анықтауға арналған газталдағыштардың түрі болып саналады. Жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы Жетісу облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының қызметкерлері баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ақпараттандыру жұмыстары мақсатты түрде жүргізілуде. Спикерлер «Жыл сайын жылыту кезеңінен өту мәселелері Департаменттің ерекше бақылауында болады. Облыс бойынша өрттің 65% — ы жылыту кезеңінде орын алады. Осыған байланысты, дайындық және өткізу шеңберінде облыс аумағында 2024-2025 жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында өрт профилактикасын жүргізу жоспары әзірленіп, бекітілді. Халықты ақпараттандыру мақсатында тұрғын үй секторын аралау барысында өрт қауіпсіздігі ережелері мен пайдалы сілтемелерді оқу үшін QR-кодтары бар ұсыныстардың түбіртектерін тапсыру практикасы енгізілді»-деп атап өтті. Жылыту маусымы басталар алдында және жылу беру маусымы барысында түтін құбырларын, түтін мұржаларын және жылыту пештері мен жүйелерінің басқа элементтерін күйеден кемінде үш айда бір рет тазалау керектігін баса айтты. Жылдағы дәстүрге сай жылыту маусымы уақытылы басталды. Ағымдағы жылы Гагарин, Алдабергенов, Қаблиса жырау, Жансүгіров, Қабанбай батыр көшелерінде жылу құбырларын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жалпы ұзындығы 5,4 шақырымды құрады. Сонымен қатар, Абай, Дарабоз ана, Қабанбай батыр, Балпық би көшелерінде жаңа жылу желілері салынды. Мамандардың айтуынша аталмыш жұмыстар қала аумағында жылыту маусымы кезінде орын алатын авариялық жағдайды болдырмау, шаһарды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мақсатында атқарылған. Айта кетейік, бүгінде қаламызда жылумен және ыстық сумен қамтып отырған 10 қазандық жұмыс істейді. Сондай-ақ, қаламыздағы ең үлкен «Басқуат» жылу қазандығының жүктемесін азайту мақсатында қосымша жаңа қазандық салу жоспарлануда.