Талдықорған қаласының әкімдігі «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Талдықорған қалалық орталық балалар кітапханасында мектеп оқушылары арасында «Мақал – сөздің мәйегі» атты байқау өтті.
Бұл негізінен, Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында жас ұрпақты бабаларымыздың даналық інжу – маржаны, сөз мәйегі болып табылатын мақал – мәтелдер арқылы тәрбиелеу, саналы ой мен көркем мінез – құлқын қалыптастыруға ықпал ету мақсатын көздеді.
Байқауға 22 оқушы қатысты. Іс- шара барысында тіл маманы Ләйлә Қазнабаева, Талдықорған қалалық орталық кітапханасының меңгерушісі Назгүл Альбиланова, Талдықорған қалалық орталық кітапханасының кітапханашысы Рая Узембаева әділқазылық етті.
Байқау қорытындысында І орынды Рабия Талғатбек, ІІ орындарды – Ерік Ахмедияр, Алпамыс Мұратханов, ІІІ орындарды Мархабат Әшімхан, Ақбота Бейсенова, Бейбарыс Болат иеленді.
Ал Айша Тоқтарғазы мен Әлижан Фархад ынталандыру сыйлығына лайық деп табылды.
Жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар, жетекшілеріне алғыс хаттар тапсырылды.