Талдықорған қаласы аумағында 126 гектарды құрайтын 5 саябақ, 40 сквер бар. Олардың таза, гүлдерінің жайқалып, шөптері мен ағаштарын кесу жұмыстарына бекітілген мердігер мекемелер жауапты.
Саябақтар мен скверлерді қоқыстардан күн сайын тазартқанмен кей жерлері сын көтермейтін жағдайға жеткен. Осылайша қала тұрғындары демалатын «Жастар» және орталық саябақтарын қалпына келтіру мақсатындаға жұмыстар қолға алынған болатын. Жол төсемелерін (брусчатка) ауыстырлса, енді орталық саябақтың аркалары қайта жаңғырту жұмыстары басталып, қарқынды түрде жүргізілуде,-дейді қала әкімінің баспасөз қызметі.
Саябақтарды ретке келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасатын болады. Тұрғындардың жанына жайлылық сыйлайтын мәдениет орындары қала көркіне көрік берері сөзсіз.