Ел болашағы өз қолымызда

211

Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың екінші республикалық форумында сөз сөйледі.  Президент бірнеше күннен кейін өтетін жалпыұлттық референдумның маңызына тоқталып, оған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі деп баға берді.

– АЭС құрылысына қатысты өз ұстанымымды бұған дейін бірнеше рет айттым. Әлемдегі прогрестен шет қалмау үшін біз бәсекелестікте өз артықшылықтарымызды пайдалануымыз керек. Азаматтар қолдап дауыс берсе, бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Атом электр станциясын салу – ұзақмерзімді жоба. Бірақ бұл бастама еліміздің орнықты дамуын онжылдықтарға ілгерілетеді, сондай-ақ инженерлер шоғыры мен әртүрлі бейіндегі мамандар легін даярлауға жағдай жасайды. Демек оның пайдасын қазіргі жастарымыз бен болашақ ұрпақ көреді, – деді Президент.  Сондай-ақ, Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, демократия үздіксіз жүретін үдеріс екеніне айрықша назар аударды. Президенттің пікірінше, әлемдегі кез келген табысты демократиялық қоғам айналасына бейжай қарамайтын азаматтардың арқасында ғана дамиды, өміршең болады.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев келер ұрпаққа қажетті жағдай жасау ортақ парызымыз екеніне назар аударып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау, олардың жан-жақты дамыту мемлекеттік саясаттың ең басты басымдығы болып қала беретінін жеткізді.

Сонымен қатар Президент бақытты балалықтың негізі отбасы институты екеніне тоқталып, ата-аналарды тәрбие мәселесіне салғырт қарамауға шақырды. Әсіресе, ұрпақтың цифрлық дүниелерге тәуелді болуы мен виртуалды әлемге шектен тыс құмартуы нағыз дертке айналып бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп, керісінше, оларға ел ішіндегі шынайы қаһармандарды насихаттау қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысы  атом энергетика саласына да тоқталды. «Заманның талабы осы. Демек оның пайдасын қазіргі жастарымыз бен болашақ ұрпақ көреді.  Ал біздің ел әлемдегі прогрестен шет қалмау үшін бәсекелестікте өз артықшылығымызды пайдалануымыз керек»- деді. Халқымыз бұл референдумда дауыс беріп, өз таңдауларын жасайды деп сенім артты.

Еліміздің өркендеуі мен дамуына ықпал ететін, энергетикалық дербестікті нығайтатын құрылым бізге қажет. Ұзақ мерзімді жобаға инженерлер шоғыры мен әртүрлі бейінді мамандар легін қалыптастыруға да Президентіміз айрықша көңіл бөлді.

 Сондықтан  референдумға барып, өз ойымызды білдірейік.  Бұл еліміздің болашағына, дамуына дауыс бергеніміз.

                                                                                      Гүлниса Тұлымшақова,

                                                          Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз