Жанар Бейсембаева,ұстаз: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған биылғы жолдауында барлық салаға қатысты дамыту жоспарларын ортаға салып, Әділетті Қазақстанды құрудағы басты қағидаттарға тоқталды.Еліміздің тұрақты дамуы үшін жаңа тетіктерді іске қосудың маңыздылығына мән берді.Бәрімізді елең еткізген үлкен мәселе-АЭС құрылысын салуға қатысты референдум өткізуді ұсынды,мерзімін белгіледі.Осы орайда мен де қазақстандық азамат ретінде атом электр стансасын салу-заман талабы, дер кезінде қолға алынып отырған шара дер едім. Өйткені, еліміз уран өндіруден алдыңғы орында. Сарапшылар мен сала мамандарының сөздеріне сүйенсек,қолданыстағы жылу стансаларының 70 пайызға жуығы тозған екен.Ал электр қуатын тұтыну деңгейі жыл сайын өспесе,кемімесі анық. АЭС-10 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға жол ашады.Электр энергиясының бағасы тұрақты болып, азық-түлік, басқа да тұтыну тауарларының құны бірқалыпты болады деп ойлаймын.