«BIKEN»II Халықаралық театр фестивалін өткізу жоспарлануда

11

Халық әртісі, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, көрнекті театр және кино актрисасы Римова Бикен Ырымқызы атындағы «BIKEN»II Халықаралық театр фестивалін өткізу жоспарлануда.

Фестивальдің  мақсаты  – театр ұжымдары арасындағы шығармашылық байланысты нығайту және халықаралық театр үдерісіне интеграциялау. Қазақтың көрнекті театр және кино актрисасы Бикен Ырымқызын мәңгі есте қалдыру.Эстетикалық деңгейді арттыру және кәсіби қарым-қатынас құру, серіктестік пен бірлескен шығармашылық жобалардың пайда болуына жағдай жасау. Фестиваль аясында жас режиссерлердің, актерлердің, драматургтердің, суретшілердің жаңа буынын анықтау және қолдау болып табылады.

Фестиваль 2024 жылдың 7-10 қазан аралығында өтеді. Екінші мәрте ұйымдастырылғалы жатқан шараға жалпы саны 8 театр қатысады. Атап айтсақ, Жамбыл облыстық орыс драма театры, В.Гуния атындағы Поти мемлекеттік драма театры, С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының қазақ музыкалық-драма театры, Түркияның Эрзурум мемлекеттік театры, Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры, Қ.Жантөшев атындағы Ыстықкөл облыстық музыкалық драма театры, Б.Омаров атындағы «Жас сахна» театры.

Оның ұйымдастырушылары – Жетісу облысының әкімдігі, «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ «Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры» МКҚК.

Фестиваль туралы қосымша ақпаратты келесі байланыс телефоны арқылы алуға болады:

Әдебиет бөлімінің меңгерушісі – Бақжанар Толқынбекқызы

8(775) 478 28 66

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз