Бұл сұрақ қоғамда кеңінен талқыланып жатыр, сондықтан мен осы тақырып бойынша бірнеше пікірмен бөліскім келеді:
-Аэс салу елдің әлеуметтік жағдайын жақсартады;
-Бір АЭС бірнеше миллион үйді үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етеді;
— Елдің өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуетін нығайтады, жоғары технологиялық салаларды, медицина сияқты саласындағы зерттеулер мен инновацияларды дамытуға мүмкіндік туғызады;
— 2 мыңнан 8 мыңға дейін жаңа жұмыс орындары ашылады;
— АЭС-тің салынуы ғылыми зерттеулер мен технологиялық дамуға ықпал етеді, инженерлік, физикалық және энергетикалық салаларда білім мен ғылымды жетілдіреді.
Еркебұлан Ақболатов, Жетісу облыстық мәслихатының депутаты