Қазіргі таңда елімізде АЭС салу керек пе, жоқ па деген мәселе қазір тренд тақырып болып тұр. Елімізде атом стансасының тағдыры нақтылау тұрғысында қоғамда қызу талқылап жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында да Қазақстанның экономикалық өсу жолдарына тоқталды.
Сондықтан да елімізге сарқылмас қуат көздері керек. Оны біз АЭС салу арқылы шешетіндігімізіді білікті мамандар мен ғалымдар айтуда. АЭС салу бүгінгі күннің сұранысынан туған бастама деп ойлаймын.
Болашақта бұл еліміз үшін дамудың драйверіне, қозғаушы күшіне айналмақ. Жалпы сайлаушылар арасында көптеген мәселелерді шешіп келеміз. Олардың айтатыны біз энергия көзі тапшы болғандығын қаламаймыз дейді. Дүниежүзі елдеріне қарасақ, әлемде барлық елде АЭС бар. Бұл арқылы олар өз ғылымдарын дамытып, алға жылжуда. АЭС салу еліміз үшін өте маңызды, себебі болашақ үшін қажет.
Гүлниса Тұлымшақова,
Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты