Бүгін, 13 қыркүйек күні Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өз мәресіне жетеді. Соңғы жарыс күні бəйге, теңге ілу, құсбегілік, ордо және мангаладан сайыстар өтеді.
13 қыркүйек күнгі жарыс кестесі:
Бəйге
«Қазанат» ипподромы
09:00 — 1 600 м — ұшқыр бəйге
09:30 — 2 400 м — ұшқыр бəйге
10:00 — 3 200 м — ұшқыр бəйге
11:00 — 11 000 м — құнан бəйге
11:45 — 18 000 м — топ бəйге
12:45 — 9 000 м — жорға
13:30 — 25 000 м — аламан бəйге
Теңге ілу
Этноауыл
10:00 — жеті құт — квалификация, финалдық бөлім
Құсбегілік
Этноауыл
10:00 — бүркіт, қаршыға, ителгі — финалдық кезең
Ордо
«Алау» Мұз сарайы
10:00 — финалдық кезең
Мангала
«Думан» Қонақ үй жəне спорт комплексі
10:00 — квалификация, финалдық кезең.