«Талықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кітапхана қызметкерлері арасында «Бейбіт атом — Қазақстан болашағы үшін» атты конференция өтті. Кітапхана директоры К.Сейтжанова Қазақстанда АЭС-тің атом энергетикасын дамыту мүмкіндігінің қарастырылып жатқандығын, осыған орай 6 қазанда өтетін референдумда Қазақстан халқы өзінің шешімін қабылдап дауыс беретіндігін айтып, АЭС салу өте киын да жауапты іс екендігіне тоқталды. Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалының меңгерушісі Ж.Жакибаева энергетиктер мен ғалымдардың айтуынша АЭС салу елдегі экономиканың дамуы мен әлеуметтік жағдайдың жақсаруына әкелер еді деген ойын білдірсе, Еңбек ауылдық № 4 кітапхана филиалының меңгерушісі А. Нұрсағатова АЭС -тің салынуы болашақта электр энергиясының тапшылығын жойып, оны экспорттаудың арқасында ел экономикасының дамып, жұмыс орындары көбейетінін айтып өтті. Қалалық № 2 кітапхана филиалының меңгерушісі М.Сапбек Қазақстандағы өндірілетін уранның артықшылығын көбейтіп, осы саланың мамандарының айтуынша АЭС-тен алынатын энергия экологиялық ең таза, әрі қауіпсіз екеніне тоқталды. Конференцияға қатысушылар АЭС-ның жалпы әлем экономикасына пайда әкеліп отырған елдері жайлы айтып, АЭС-ның салынуы еліміздің экономикасының жақсарып, экологиясының тазаруына зор әсері бар екендігі жайлы ақпараттар алды.