Талдықорғанда жеті субұрқақ ашылды

584

Талдықорған қаласының орталық алаңында орналасқан жеті әуенді субұрқақтың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Фото авторы А.Нұршанов

Салтанатты шарада алғаш боп сөз алған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Бүгінгі күні Талдықорған өзінің әсем де көрікті келбетімен алыстан көз тартады. Шаhарымыздың күн сайын жаңарып, гүлденуі бәріміз үшін зор қуаныш. Біз қаламыздың мәдениет пен өнердің, спорт пен туризмнің орталығына айналып келе жатқанына қуанамыз. Өздеріңіз білетіндей «Жастар» саябағы, «Қаратал» жағалауы, орталық саябақ облыс орталығының ажарын айшықтап, тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналды. Бүгінгі салтанатты ашылып отырған субұрқақ қаламыздың сұлулығын, көркін, ажарын одан әрмен аша түседі деп ойлаймын. Қаламыздың келешекте құлпырып, көркейе беретіндігіне сенімім зор»-деп қолданысқа берілген жеті субұрқақ Жетісу символы іспеттес екендігін айтты.

Фото авторы А.Нұршанов

Сондай-ақ, құрылысты барынша сапалы жүргізген «Асат Құрылыс» және “ANOR” ЖШС алғысын білдірді. Шара барысында облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Оралбек Жақиянов пен қала тұрғыны Елена Руслановна сөз алып, қуанышты екендіктерін жеткізді.

Эстрада жұлдыздары Бейбіт Қорған, Айдана Меденова, «Асыл» және «Рензо» тобы талдықорғандықтар қуанышына ортақтасып, әсем әннен шашу шашты.

Фото авторы А.Нұршанов
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK