Жетісу облысы бойынша мемлекеттік корпорация филиалының қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету кезінде пара алудың салдары туралы еске салынды. Тікелей жүктелген міндеттерден ауытқу түрмеге түсу қауіпін төндіреді.
Филиалда 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік корпорацияның іс-шаралар жоспары шеңберінде кездесу өтті. Оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет превенция басқармасының аға офицері, қауіпсіздік жөніндегі уәкіл, сондай-ақ филиал директорының орынбасары қатысты.
Жиын барысында филиал қызметкерлеріне мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жұмыстары түсіндірілді.
– Жеке пайда алу мақсатында функционалдық міндеттерді жүзеге асыру кезеңінде жасалатын, бірақ қызмет мүдделеріне қайшы келетін барлық заңсыз әрекеттер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық ретінде бағаланатын болады, – деп атап өтті Бауыржан Бегімбек
Жетісу облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция аға офицерінің айтуынша, белгілі бір дәлелдер болған жағдайда заң бұзушының жеке басын анықтау және оның қылмысқа қатыстылығын дәлелдеу қиын болмайды. Барлық әрекеттер нақты бақыланады және жазылады.
Сондай-ақ, қауіпсіздік жөніндегі уәкіл Ерлан Төлегеннің сөзінше, өз міндеттерін лауазымдық нұсқаулықтар бойынша қатаң орындау және азғырулар мен арандатуларға бой алдырмау маңызды, өйткені екі тарап үшін де салдары өте өкінішті болуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады. Егер көрсетілетін қызметті алушы заңды бұзушылықтың куәгері болған жағдайда 1414 нөміріне қоңырау шалуға болады.
“Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы