Егер сіз шетелде болсаңыз, некені қалай тіркеуге болады

118

Егер сіз шетелде жұмыс істеп немесе тұрсаңыз және некеңізді тіркегіңіз келсе, Қазақстанға оралудың қажеті жоқ. Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы мен Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде тұратын шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның арасындағы неке екі жолмен қиылуы мүмкін.
1. eCov.kz порталы арқылы
-порталға кіріп, қызметке онлайн тапсырыс беріңіз.
-өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қою
-мемлекеттік баж салығын төлеу
-екінші жағынан некені растау
Жеке кабинетіңізге 1 жұмыс күні ішінде жауап аласыз
2.Қазақстан Республикасының елшілігі немесе консулдығы арқылы
Сізге келесі құжаттарды ұсыну қажет
— некеге тұру туралы өтініш
-некеге тұратындардың жеке басын куәландыратын құжаттар
— уәкiлеттi органдар берген некеге тұратындардың неке қабiлеттiлiгi туралы анықтамалар.
— консулдық алымның түбіртегі.
Білу маңызды: Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.
Егер неке жасына толмаған адамдар некеге отырса, олар қосымша:
— неке жасын төмендету туралы өтініш.
-төмендеу себептерін растайтын құжаттар
-некеге тұратын адамдардың заңды өкілдерінің келісімі.
Қызмет көрсету ұзақтығы 1 ай, қызмет құны консулдық алым ставкалары бойынша жүзеге асырылады.

“Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз