Ашық терезе сіздің балаңыз үшін қауіпті болуы мүмкін. Жазатайым оқиғалардың негізі себептері — ересек адамдардың балаларды қараусыз қалдыруы. Жыл сайын биіктіктен құлаудың салдарынан көптеген балалар жарақат алады.
ТЖМ ескертеді:
Кішкентай балаларды әрқашан қадағалаңыз;
Москит торларына толық сенім артуға болмайды, олар құлаудан қорғауға арналмаған;
Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат етпеңіз.
Балаларға қамқорлық жасаңыз!