Қалалықтардың жайлы өмір сүруіне қажетті мәселелер қоғамдық кеңесте қаралды

140

Тіл сарайында Талдықорған қаласының қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынды ашқан қоғамдық кеңестің төрағасы  Ж.Мейрембаев бірнеше мәселе қаралатынын атап көрсетті.

 Ең алдымен «Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы» ММ басшысы Айдос Жақыпбек көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және тұрғын үй берудегі кезектілікті сақтау бойынша қала халқының айтқан сын-ескертпелердің орындалуы турасында баяндады. Бөлім негізінен, тұрғын үй сертификатын беру, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру, үшінші, мемлекттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке тіркеу болып табылады.

Айдос Молдашұлының айтуынша, 2024 жылы 274 тұрғын үй сертикификатын алуға өтініш берілген, 192 азамат   оң шешім алды. Ал есепке қою бойынша «Kezekte.kz» сайты арқылы қызмет көрсетіледі. Бүгінге дейін 1624 қызмет көрсетіліп, 765 өтініш оң шешімін тапса, 859-ынан бас тартылған. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіруге құжаттарды қабылдау бойынша 252 өтініш келіп түсті. Оның 44-інен құжат толық болмағандықтан және әртүрлі себептермен 78 өтініштен бас тартылды. Ал 130 өтінішке келісім берілді.

Қазіргі кезде 15 мыңнан аса адам тұрғын үй кезегінде тұр. Қазіргі күні «Кезекте» тұрғандардың бірыңғай республикалық базасы сервистік бағдарламаға енгізілді. ТҮКШ бөлімінде 19 санат бойынша жұмыс жүргізіледі.  Барлық санатты 6 санатқа біріктіргеннен кейін кезек нөмірлерінде өзгеріс болды. Алайда, бұл олқылық жойылды.  Жүргізіліп жатқан жұмыстардың шешімі бар. Тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша 289 пәтер заңдастырылды.

2023-2024 жылдары халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға 389 пәтер пайдалануға берілді. Сондай-ақ,  өткен жылы инвесторлардың қолдауымен 120 пәтерлік үй беріліп, өз иелерін тапты.

Қалалық білім бөлімі басшысының м.а. Шынар Шәріпбаеваға да оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру турасында сұрақтар қойылды. Білімге қатысты сауалға осы жиынға шақырылған  Жетісу облысы білім басқармасының басшысы М. Сүлейменов жауап берді. Балалардың жазғы демалысы турасында ақпаратпен бөлісті. Кеңес мүшелері тарапынан  мектеп жанындағы балалардың демалыс орнына басқаша көзқарас керек және жас натуралистер үйірмесін құруға қатысты сауалдар қойылды. Ведомства басшысы  бұл мәселелерді назарға алып, зерделеп көру керектігін айтты.

Сондай-ақ,  «ALEMPAY» ЖШС өтінішпен келген екен. Бас атқарушы директор О.Цой қоғамдық тасымалдау саласында қызмет атқарып жатқандығы айтты. Оқушылар мен студенттер және де басқа да категориядағылар   қалада тегін тасымалданады. Алайда, олар көрсеткен қызметтеріне төлем ала алмай қиындыққа тап болғандықтарына  тоқталды. Қазіргі жағдай осындай. Алда бұл мәселе қалай шешілері белгісіз.  Қоғамдық кеңес  мүшелері бұл мәселенің оң шешімін табуына тілектестік білдірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз