ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі а. ж. 13 шілдесінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 24 бұйрығымен бекітілген Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын-үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізді.
Осылайша, енгізілген өзгерістерге сәйкес тұрғын үй сатып алу мақсатында бұрын біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған «Отбасы Банк» АҚ депозиттерінде қаражатты жинақтау мерзімі 3 жылдан 6 жылға дейін ұзартылды.
Бұдан бөлек, депозитті ерлі-зайыптыларға және (немесе) жақын туыстарына беру көзделген.
Бұл ретте мұндай салымды үшінші тұлғаларға одан әрі беруге жол берілмейді.
Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Дереккөз: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми сайты
Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді (www.gov.kz)