Жетісуда «Ұрпақтар сабақтастығы» дәріптеледі

144

Журналистер үйіндегі ақпараттық алаңына келген «Жетісу жастары ұйымының конгресі» ЖҚБ үйлестірушісі Ержан Дәулетбаев пен қоғамдық даму басқармасы жастар және отбасы саясаты бөлімінің бас маманы Жанерке Бексеитова «Томирис» және «Ұлттық құндылықтарда дәріптеу»  жобаларын жүзеге асыру бойынша ой бөлісті.

«Бұл жобалар, негізінен, «Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету және Қазақстан халқының дәстүрлерін дәріптеу жөніндегі шаралар кешені» аясында патриотизм сезімін ояту, ұлттық бірегейлікті нығайту, тарихи мұраны сақтау және ұрпақтар сабақтастығын ұлттық дәстүрлер, мәдениет, ана тілі мен әдет-ғұрыптар рухын сақтауға бағытталған»-,  дейді Жанерке Бейбітқызы.

Айтар болсақ,  бұл жоба бойынша «Дана ене — Үздік келін», «Асқар тау әке — Зерек бала» номинациялар бойынша аудандық және қалалық конкурстар ұйымдастырылады.

Жоба шеңберінде тақырыпқа байланысты түрлі іс-шаралар қолға алынады. Мәселен,   «Дана ене — Үздік келін», «Асқар тау әке — Зерек бала» бағыттары бойынша семинар-тренингтер, шеберлік сыныптары аудандық және қалалық, облыстық конкурстар өткізіліп, қаржылай  сыйлықтар табыс етілетін болады. Мұндағы мақсат — шараға қатысушы әрбір азаматтың  ұлттық  құндылықты дәріптей отырып, рухани көшбасшылық қасиеттеріне  ықпал ету.

Сондай-ақ, азаматтардың  патриотизм сезімін ояту, ұлттық бірегейлікті нығайту, тарихи мұраны сақтау және ұрпақтар сабақтастығын ұлттық дәстүрлермен ұштастыру, мәдениет, ана тілі мен әдет-ғұрыптар рухын насихаттау. Бұл ең алдымен ұрпақтар  сабақтастығы, халықтың сан ғасырлық тәрбиесі дейді ұйымдастырушылар.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз