Шекарашылар тіл білімінен сынақ тапсырды

148

Жетісу облысы Тіл оқу-әдістемелік орталығының басшысы Жеңіс Жолдыбаевтың басшылығымен Мемлекеттік тілді дамытуға және жетілдіруге бағытталған шаралар облыс кең көлемде жүзеге асырылуда.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының жеке құрамымен Жетісу облысы Тіл оқу-әдістемелік орталығы мемлекеттік тілді оқыту курсы бойынша В2 ортадан жоғарғы деңгей, В1 орта деңгей бойынша емтихан қабылдады. Шараға екі жүзге жуық шекарашы  қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.

Орталықтың негізгі мақсаты — мемлекеттік тілді оқыту болғандықтан, облыс көлемінде тіл оқыту орталықтарының міндеті ересек тұрғындарға мемлекеттік тілді тегін әрі сапалы оқыту болып табылады. Аталған іс-шара аясында — шекара сақшыларының арасында тіл саясатын сауатты дамыту да кеңінен қолданыста.

Оқытушы Аслан Қалибеков:

-Ел шебіндегі шекарашылар арасында қазақ тілінің айбынды дамуы мен жоғары қолданысқа енуі — қазақ тілінің жарқын болашағы.  Орталықтың  ұстаздар қауымы шекарашылармен қызықты әрі сапалы оқу үлгісін көрсетуде. Тіл дағдысын үйретуге арналған сабақтар өткізеді. Тіліміз бен шекарамыз мығым болса қазақ тілінің мәртебесінің өсетіні сөзсіз. Болашақта да табысты жұмыстарды бірге атқаратынымызға сенімдімін, — дейді.

Әр оқу кезеңінің сынағын сүрінбей тапсырып жүрген жасыл күнқағарлылардың толық курстың соңына дейін тіл білімін терең меңгеріп шығатынына күмән жоқ.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз