Тыйым салынған жерде шомылуға болмайды

310

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамымен Панфилов ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы азаматтық қорғау майоры Азамат Бекжігітов «Суға түсуде қауіпсіздік ережелерін сақтау» атты арнайы сабақ өткізді.

Кездесу барысында теориямен қатар су мөлшерін көп жұтып қойған адамның өкпесін тазартуға арналған жаттығуларды жүргізудің әдіс-тәсілдері де көрсетілді.

Азамат Бекжігітұлы:

-Кәрі де жас бала да суға шомылғанды ұнатады. Әрине, оған ешкім тыйым сала алмайды. Ғаламтордағы ақпарат көздеріне сүйенсек суға батып кеткендердің жартысы ережені бұзған азаматтардан құралса, үштен бірі мас күйінде суға түсетіндер. Енді біреулері  тыйым салынған орында суға шомылғандар. Қалғандары үлкендердің қарауынсыз қалған балалар екен. Суға түсуге барған адамдар қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек, — дейді.

Қажетті ақпаратқа толы кездесуге қатысқандар ендігі кезекте суға шомылғанда қауіпсіздік ережелерін сақтайтын болады.

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз