Өңірде бүгінгі күні 33 елді мекен газдандырылып, аймақты газдандыру деңгейі 46% қамтып отыр. 2024 жылдың соңына дейін тағы 30 елдімекен газға қосылады.
Бүгінгі таңда құны 131 млрд. теңге құрайтын «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбыры құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Ұзындығы 302 км, 6 автономды газ тарату станцияларын орнату көзделген. Жалпы 433 км газ тарату желілері салынбақ. Нәтижесінде 124 мың тұрғыны бар 66 елді мекен газға қосылады. Жыл соңына дейін өңірдегі 192 елді мекен толық газдандырылады.