Еркін ауылдық округіне қарасты 3 бөлімшеде жаңа балалар ойын алаңы қолданысқа берілді. Заман талабынай сай жабдықталып салынған ойын алаңы «Халық қатысатын бюджеті» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр.
Аталған бағдарламаның шарапатын тек қала тұрғындары ғана емес ауыл жұртшылығы да көруде.
3 бөлімше тұрғындарының сөзінше аймақта балалар ойын алаңы қажет екендігін әр жүздесу барысында көтеріп келген еді.
«Осындай балалар алаңын салып берген әр азаматқа алғысымыз шексіз. Балаларымыздың қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалыпты, қоршалған, резеңке жабындысымен төселген, ойын құралдары да сапалы, өте қуаныштымыз», — деді 3-ші бөлімше тұрғыны Светлана Ажикенова.
Өткен жылдың өзінде Еркін ауылдық округінде аталған бағдарлама бойынша Көктал тұрғын үй алабына 3 дана балалар алаңдары салынса, ал биылғы жылы Көктал тұрғын үй алабындағы Амангелді көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер жолы ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өтпек.
Сонымен қатар, өткен жылы 3 бөлімше аумағына электр жүйелері тартылып, ескі бағаналарды жаңарту мен қатар түнгі жарық шамдарды қою жұмыстары басталған болатын, бұл жұмыстар маусым айында толығымен аяқталады деп жоспарлануда.